Таулардан ақбоз құлап таң – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Таулардан ақбоз құлап таң» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Таулардан ақбоз құлап таң,
Толғатқан шақта күміс күн.
Сай жаққа өрген бұлақтан,
Етпеттеп жатып су іштім.
Басымда ойлар айқасты,
Еркіне еріп сезімнің.
Жағада жатқан қойтасты,
Жастанып жатып көз ілдім.
Табиғат тірі кестедей,
Көшіріп берсем өлеңмен.
Ауаны турап кеспедей,
Аққулар ұшты төбемнен.
Қалғып бір кетсем, ой қамап,
Саусағын жазып құрсаған.
Бетімді желпіп аймалап,
Оятып алар бір самал.
Өтпейді сенсіз күнім көп,
Кетпейді сенсіз күнім көп.
Туған жер, саған құлын боп,
Орала берем ширығып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері