Өлең, жыр, ақындар

Шағын мысалдар

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4474
Бас тұрды балағаттап екі аяғын:
— Жоғарымын, бәріңді бастайтын мен.
Сенсіз де өмір, рахат сүре аламын! —
Деді де бас қойған жоқ, босқа айтумен,
Жұмысты солай тындырды,
Екі аяғын сындырды.
* * *
Жиырма жылдай "атақты " болып лектор,
Қарбыз жайын айтады бір аңырмай.
Жай гүл көріп даладан таң қалып тұр,
"Көрмедім, — деп, — жүгері сірә мұндай".
* * *
Ет жемеуді тапсырды, доктор - қоян,
Ет жей алмай тұрмады бірақ қасқыр,
Өміріне ақыры болды зиян,
Омырам қапты бір күні қара басқыр,
* * *
Бал араға шыбын келіп айтып отыр,
— Өле-өлгенше бүгін бір шаршап тұрмын.
— Не бітірдің ? — дегенде шыбын айтты:
— Бар аулаға, қораға қи жапсырдым.
* * *
Бастық — аю, түк ой жоқ, босқа ақырған,
Хатшы — шымшық, ол үшін бас қатырған...
* * *
— Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш жоқ, —
Дегенде қораз айтты:
— Сенде де ес жоқ.
"Кукара куу " болмай-ақ мен шақырған,
Таң атырып, онсыз жұрт күн батырған.
* * *
Шағымшыл шаян жорғалар:
Іздегені жанжал - дау
Түн сайын өсек сорғалар,
Оған жұрттың бәрі жау...
Жалғыз ғана өзі сау.
* * *
Қайта-қайта қол алысып,
— Хат жаз!
— Сен де! — деседі.
Тіл ұшымен шұрқырасып,
Шыға бере ұмытып кетеді.
* * *
Ол басқаға жағу үшін,
Жалпаң қағар жан салып.
Оның ойын табу үшін,
Тұрған жан жоқ тамсанып.
* * *
— Не жазып жатырсың?
— Естелік.
— Кімге, кімді ескеріп?
— Қалатын өлең аз ба, аға,
Таңертең туып, кешке өліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүт бар, бұзау жоқ

  • 0
  • 0

Есіткен де боларсыздар,
Совхозымыз "Қазалы" еді.
Сиыр баққан, аты шыққан,
Мал өсіргіш қазақ еді.

Толық

Қызыл тұмсық Қызылбай

  • 0
  • 0

Қызылбайды жұрт "қызыл тұмсық" дейді,
Барып тұрған қырсық дейді.
Үлкендігі бармақтай,
Ілгірлігі қармақтай.

Толық

Екі нөл

  • 0
  • 0

Қағазда жортып қаламы,
Алмайды бір сәт дамылды.
Ақпармен шарлап қаланы,
Қағады күнде дабылды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар