Алтыға

Бұл бетте «Алтыға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1454
Жақсы ма жағдайларың, жаным Алты,
Арман не ер жігіттің бітсе қарты?!
Қалайда, Қадір Хақтың өзі сақтар,
Болғанмен бұлайынша заман салты.
Құтылып, қуанышты болуыңа,
Тілектес елатыңның жас пен қарты.
Тілегін Тәңірі олардың қабыл қылса,
Айналар абаттыққа істің арты.
Жана да қуанарлық хабарлар бар,
Кеуілді көтеретін болған жарты.
Қашаннан қариялардың нақылы бар,
Қай сөздің халық сүйген болмайды қалпы?
Иншалла, ікаяты болып Ақтың,
Шығарар бостандыққа жұртты жалпы.
Аттарың әр орында айтылып жүр,
Жойғансың басын иттің болған шалпы.
Айнасын кеуілімнің кір шалғасың,
Сұлу боп шыға алмады сөздің әлпі.
Деп менен осылайша айтылды кеп,
Ерлерге ел тілектес шыққан дәрпі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтыға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері