Білесің ғой
Білесіңғой шаршадым
Жақсы кезді аңсадым....
Анда соққан жұмыр басым қайта кеп
Бұ жартасқа соғылғаны қанша күн
Білесіңғой шаршадым
Жақсы кезді аңсадым....
Анда соққан жұмыр басым қайта кеп
Бұ жартасқа соғылғаны қанша күн
Астанаға қар көп бүгін жауып күшті
Несібемді Жасағаннан алып түсті
Ұлпалаған әппақ болып лайға ұласып
Білдіргендей болғансыды анық қысты
Бір дертім бар бойымда
Көтермейтін көкке қарай жамбасты
Өз өзіме бал ашып ем шұбарланған шабытпен
Он шақты күн кешіктіріп Астананы қар басты
Кейде қалап асқар таудың мұзарт шыңын қар басқан,
Сәл өткен соң жылып қалған төсегіме оралам.
Кейде қалап шалқар теңіз тасып, көбігін шашқан
Бір сәт кейін судан қорқып ,көңіл шөлге қараған
Мен іштей өлгенмін, күтем көктемді,
Оның тұлғасында іздеп көркемдік.
Бірақ жоқ өзгеріс, жол - төңкеріс,
Арасымызда жанбай шоқ өткенбіз.
Қазақпыз біз, азиатпыз түркі тек,
Пырақ мініп, қымыз ішкен, туы — көк.
Қонақ келсе бар дәмдісін ұсынар,
Қолы ашық жомарт елміз, ас та төк!
Сенбесең - сенбе, өзің біл!
Сағына күткен күзім бұл.
Өзіңді қайдам, өзіме
Сыйлайды ғажап сезім бір.
Келер күннің, күткен алда өзіңсіз,
Бітпей қалған туындыдай құны бар.
Сен, - деп соққан жүрегім де керексіз,
Кетеріңде тамырымен жұлып ал.
Армандай білетін адам бар ма екен арамызда?
Қиялды шарықтатып, арманды асқақтатып барамыз ба?
“Ой, қойшы, армандайтындай кішкентай баламыз ба?”
Деме қалқам, біліп қой, шектеу тек біздің санамызда!
Жанарлар бар жадырайтын өмірден,
Қарақат көз күн сыйлайтын көңілге.
Өткір жанар, көз қиығын салғанда,
Жаңбыр болар, тұман болар жалғанда.
Мен сені таңдадым бүгін,
Ақылың мен жүрегің үшін.
Мен сені таңдаймын ертен,
Адалдығыңа тәнті болған екем.
Қыл қаламмен ақ қағазға үн қатып ,
Бар ғажапты жыр жолымен самғатып.
Айта алмаған бар шындығын іштегі
Паш етпекші ақын қызың жыр жазып.
Махаббат пен мейірімнен жаралған,
«Білім» атты, даналықтан нәр алған.
Үйде — ана, келін, жұбай, қыз болып,
Ал мектепте — сәйгүліктей бап алған.
Махаббат пен мейірімнен жаралған,
«Білім» атты, даналықтан нәр алған.
Үйде — ана, келін, жұбай, қыз болып,
Ал мектепте — сәйгүліктей бап алған.
1) Мектепке қош келдің жас талап,
Ең биік мақсатты арқалап.
Бұл жерде оқисың он бір жыл,
Қоштасу.. Бірақ тым қиын-ақ!
«Білім күні» құтты болсын,
Баршаңызға бүгінгі.
Оқушылар жақсы оқып,
Бола берсін білімді!
Ешқашан ешкімге дәлелдемеймін
Жүрегімнің пәктігін әлемге мейлі
Егерде айтса ауыз деп сенбеймін
Жүректің тілін ғана мен елеймін
Не үшін керек қызғануға
"Жолың басқа"-деп айтсаңдаршы жас балаға.
Біліміңді ішіңде бос сақтап үн қатпаудың орнына,
Айтсаңдаршы, өсіп жатқан жас ұрпаққа.
Өмірдің мәнін тап деп шыңғырады күл адам,
Сол кезде бақытты боларсың сен надан.
Отыз жыл кетсе де ізденіске,
Бұл сенің мақсатың, кіріс іске.
Гаджеттер адам өмірін жаулап алған
Ғаламторға байланып,бассыз қалған.
Заманның озығы деп пайдаланып,
Тозығына айналғанын байқамаған.
Себелегі себелеген кешелі,
Көк те, Жер де тынымсыз.
Құнсызданған судан балшық бес елі,
Тамыз бауы тұр үнсіз.
Өзгермепсің, со баяғы, қыз қалпың.
Көріп қалам күніге.
Жындымын ия?! Неге өзіңді қызғандым?
Ұзақ қарап түріңе.
Бәлкім маған сыйлаған сыйы бұ да? -
Көкте құдай күліп тұр миығынан.
Кірпігімді қытықтап, еркелетті,
Күн сәулесі көзімнің қиығынан.
Тəуелсіз елім Қазақстаным,
Ел болған,ер болған Қазақстаным!
Күй болған,əн болған,жыр мен дастаным!
Тəуелсіздік туын тіккен Қазақстаным
«Шот қабақ, шоқпар мұрын Қасенбаймын»,
Деп әкем домбырада ән шырқайтын.
Ата-жұрт, отанында жүрсе-дағы,
Туған жері Мылқысын ұмытпайтын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі