Бинау-ай (1-нұсқа)
Айта бар, барсаң, сәлем, есіне алсын,
Ақ кербез есіне алса, қасына алсын.
Жібектің түйініндей бір сөз айттым,
Көрсетпей еш адамға шешіп алсын.
Айта бар, барсаң, сәлем, есіне алсын,
Ақ кербез есіне алса, қасына алсын.
Жібектің түйініндей бір сөз айттым,
Көрсетпей еш адамға шешіп алсын.
Үш қиян — біздің елдің қияны-ай-ау,
Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау.
Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,
Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.
Ел көшеді Арқадан Атырау деп,
Келер күнді ойлаймын-ау, апырау деп,
Бейнем-ау.
Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім,
Есігімнің алдында Балғын көл-ді,
Балғын көлдің балығын алғым келді.
Кішкентайдан бірге өскен қыз Дариға,
Аттандырған жерінде қалғым келді.
Ай қараңғы болғанда, жұлдыз жарық,
Қайда жүрсең бір жарық түспегі анық.
Өліммен ойнама, талапқа ұмтыл,
Кеткен адам қайтқан жоқ түкті тауып.
Әр жерде айтып жүрген бұл өлеңім,
Айнайды қолдан келсе-ай қай өнерім.
Қайырып қанша баптап салсам-дағы,
Көңілге бір жетпейді-ай көк дөненім.
Хат жазамын, сәулем, ай, сені ойлап,
Булықтырған жүректі толқын бойлап,
Ой, Әпитөк.
Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,
Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,
Дидарласар күн туса есен-аман-ай, есен-аман.
Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,
Жететұғын тілекке болса заман-ай, болса заман.
Халық сүйіп атады — Әмір-Темір,
Даңқын естіп бүкіл жұрт, барлық өңір.
Біреулерді тірідей жерге тықты,
Ал, біреуге қызықты, ай, сыйлады өмір.
Қамысы Атырау көлдің жар болғанда,
Дауыстап атыңды айттым зар болғанда.
Алыста еске түссе, бей уақытта,
Атадым атыңды айтып зар болғанда.
Ел баққанның тұқымы —
Көптің көңілін аулайды.
Дау баққанның тұқымы —
Болмашы істі даулайды.
Сәлде ораған басына, байғұс Қожа,
Қарайсың дегелекше мойның соза.
Алпыс екі мақаммен сөз сөйлеген,
Халықтың ақынымын арым таза!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі