Ақ махаббат, аппақ қыс
Арамызды жатыр біздің тау бөліп,
Асуларды аяз қысып, қар көміп.
Отырсың ба тысқа қарап әйнектен,
Маған деген сағынышың сәл кеміп!
Арамызды жатыр біздің тау бөліп,
Асуларды аяз қысып, қар көміп.
Отырсың ба тысқа қарап әйнектен,
Маған деген сағынышың сәл кеміп!
Қой, жаным, қызығумен ерме маған,
Мен болсам құштарлыққа көнген адам.
Кірпігім шарасыздан айқасқанша
Осынау мазасыздау халде қалам.
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.
Желбіреген көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егемен ел боп бүгін.
Қаның, жаның – тіліңде,
Арың, нәрің – тіліңде,
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Жерінтіп жаманнан,
Жақсыны үлгі еткен.
Талапты адамға
Өмірді үйреткен.
Ұқыпты әрбір ісіне,
Қамқор болған кішіге.
Білімқұмар баланың
Кітап кірер түсіне.
Аппақ бала, ақ бала,
Салақтарды жақтама.
Мұнтаздай боп жүреді
Ұқыптылар тек қана.
Тентектігім тыйылды,
Бүлдірмеймін бұйымды.
Әпкем маған үйретті
Төсек-орын жиюды.
Қаз-қаз бастың, қаз бастың,
Бір, екі, үш...аз бастың.
Жетелейік жүгіртіп,
Қадамдарың жалғассын.
Бақ құсымын атамның,
Тәттісімін апамның.
Тілім тәтті болған соң
Тәтті бала атандым.
Шомылады қуыршақ,
Жуынады қуыршақ.
Таза қалпы төсекте
Тынығады қуыршақ.
Қиындық көп өмірде,
Үйір болма жеңілге.
Қиындықтан қашпаған
Болады ертең жақсы адам.
- Ол кім? Бұл не? Анау не?
Сұрауменен ол әуре.
Жауап таппай ініме
Қиналамын, амал не?!
Әкем кетті базарға,
Шешем жуды кір-қоңын.
Көмек беріп соларға
Томпаң қағып жүргенім.
Көркі болған үйімнің,
Гүлді көрсем сүйіндім.
Қызыл, аппақ гүлдерім
Күнменен мың құбылдың.
Боранды да елемепсің,
Дауылға да қарамай.
Падишасы кереметтің
Асығыпсың далаңа-ай.
Талпындың ба, кел, балам,
Қолдарыңды бер маған.
Жалқау болсаң бола ма,
Кереуетті жағала.
Бәйшешектей бүр жарған,
Көңілінде нұрлы арман.
Жүрген Абыл ауылды
Көріп теледидардан.
Дұрыс па өзі мұнысы,
Жақпады ма бір ісі?
Сабап жатыр кілемді,
Тарылады тынысы.
Ана тілін аламын,
Әке тілін аламын:
Қартқа қамқор боламын,
Мен – әдепті баламын.
Жер ана – панамыз,
Ел ана – данамыз:
Өзгеше бәрінен
Өсірген анамыз.
Аман болса анамыз,
Біз – бақытты баламыз.
Анамызды ардақтап,
Шырқап әнге саламыз.
Алақай-ау, балалар,
Айналаға қараңдар:
Бұлттар төгіп көктен нұр,
Гүл тағынып көктем жүр.
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз – гүліміз:
Бәрімізді қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі