Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.
Қараңғы үй терезесі — тұтқын орны,
Көгерген көктің жүзі ескі формы.
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай алмас мендей сорлы.
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.
Көзімнің нұрысыз,
Сізсіз жоқ қуаныш.
Өмірдің гүлісіз,
Көңіліме жұбаныш.
Тілім, саған айтайын,
Осы сөздің келісін тап.
Қолым, сені қайтейін,
Қаламды тұрдың қатты ұстап.
Я, Құдай, бере көр,
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр
Шошыған жүректі.
Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен.
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
Жас өспірім замандас қапа қылды,
Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды,
Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай,
Сенімі жоқ серменде өңкей жынды.
Қарашада өмір тұр,
Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң, қайтып келер ме?
Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан
Жарқылдап тұрса түскен жай.
Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең.
Көңілдің жүгін қиял қыл,
Ызаға тұтқын бой мең-зең.
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Ал сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.
Бар шаруаңды шешіп берер сөз - қару,
Өлеңменен жауап берер бұл ару.
Ата - бабам сөзге тоқтап, қадірлеген,
Ұрысты да сөзбенен жеңіп жүрген.
Шулап-улап жүретін ,
Дұрыс десе ,бұрыс деп ,
Себебін айтпай күлетін.
Күліп өмір сүретін
Бұл өмір киноның сериялы секілді
Жалғасқан, бітері қай жерден белгісіз
Төрінде актерлар қияли өкілді
Көшіріп сомдайтын өмірден негізсіз
Сағындым әке өзіңді ,
даналы ақыл сөзіңді,
Сағындым әке өзіңді
Мөлдір тұнық көзіңді.
Аллаға шүкір, тəубе деп,
Сүйіп сені келемін.
Тастамай ерттеп тұлпарым,
Өзіңмен біргемін өлеңім.
Жоғалтып алып іздедім,
Арасынан мың көптің.
Дүние-ай, жалған екенсің,
Шындық іздеп терлеттің.
Мың сегіз жүз қырық алтыншы жыл еді
Сары ала күз.Жер жабырқап жүдеді.
Қараой деген жайлауға кеп Махамбет
Кең Алланың кеңшілігін тіледі.
Ғасыр ақын!
Толқындай тасып ақын
Кей сәтте қиналса да жасып ақын
Өмірге бар жанымен ғашық ақын
Ғасыр ақын!
Толқындай тасып ақын
Кей сәтте қиналса да жасып ақын
Өмірге бар жанымен ғашық ақын
Аянышты қайғы неткен,
Тағы жұлып жас жанды.
Бақдаулетте құдыққа құлап,
Қазағымды қайғы міне, басқаны.
Ұядан құлап бір балапан,
Жерге түсті оңбастан.
Қанатын сермеп, талпынған боп,
Көрінгендей о, бастан.
Қар жауып тұр!
Ақ ұлпалары ауада ғана қалықтап,
Аспан - аппақ армандар ұялап алған ғарыш-бақ
Жерге қона алмай,
Дүрілдеген нажағай,
Бұрқыраған жауынның
Ашылмағы бар ма басынан
Бағы қайтқан қауымның?
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі