Қадірліме
Бақытым едің,сағымым болдың,
Бойыма сіңген сылдыр үндерің.
Жарық сәулені басып жанышты,
Дәрменсіз қалған табыт күндерім.
Қазақша өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ әдебиетіндегі үздік өлеңдер, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы қазақша өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.
Осы бөлімде махаббат, өмір, достық, ана, табиғат және басқа да тақырыптарды қамтитын өлеңдерді оқуға болады.
Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.
Жүрегім ақылымнан таяқталды,
Мәңгілік махаббат та саяқ болды.
Екі жылға созылған бұл хикаят,
Екі сағат ішінде аяқталды.
Ей, мазасыз, мені қажытпашы,
Жаман ойдың түймелерін ағытпашы.
Қарияға дуалы бата сыйлап,
Жас өренді адал жолға бағытташы.
Қара қазақ делебесі қозғанда,
Бар пәрменмен биікке қол созғанда .
Желден жүйрік жүйіткіген қиялым
Дүбірлеген қазанаттан озғанда
Айтам саған ағымнан қуанып шын,
Нар қазақпын жасырмайтын қуанышын.
Тарих саған жүгін артты, себебі,
Тәуелсіз таңнан жаралған ұланысың.
Ғасыр өтіп барады, ғасыр өтіп,
Дариядай көктемгі тасып өтіп,
Жылдар қашты даланың киігіндей,
Соңына көз моншағын шашып өтіп.
Ту көтерген түстес етіп аспанмен,
Ал, елдігін жалғастырған дастанмен.
Біз өшпейтін қайсар елміз қайратты
Қаншама азап еңсемізді басқанмен.
Ғасырдан асқан атам –Жамбыл атам,
Жебеп келеді, балаңды, сенің батаң.
Тыңдап өстім атамның өлең –жырын,
Әр сөзіңді санама тоқып жатам.
Тау суының тұнбасындай тостағым,
Таусылуым бұлбұл ұшқан...бос бағым.
- Өміріңді өрнекті етіп өткізсей,
Көңіліңді көтер! – дейді достарым.
Қандасым-ай, қамкөңіл бауырым-ай,
Өзіңмен қоштасудың ауырын-ай.
Қайда жүрсең аман болса, пәк сәбиім,
Жалғыздың әрқашан да жары құдай.
Аз ба бізде көпке ұнаған сұлулар,
Реңі емес, жүрегінде жылу бар.
Қуыс кеуде сұлуларың – бос сурет,
Осыны аңғар таңдарында сүйген жар.
Қазағымның көк байрағы желбіре,
Көсегесін көгертіп, жарқыратшы елді де.
Отанымның аясында әрқашан,
Көкке самға, самғат елмен ерді де.
Қадірлісің сен маған, ана тілім,
Мақтанышы елімнің, қайран тілім,
Өзіңнен әріп танып, алдық білім.
Бойға сіңген ана тілдің арқасында
Ұзақ көңіл бөлмесем,
Бұл – уақытсыз дедің бе?
Сенсіз қалып өзгеше,
Бұл – бақытсыз дедің бе?
Жанбаған жалындамайды,
Түнек қып мынау маңайды.
Маздаған шоққа үміт бер
Жарық қыл жан сарайды.
Әр ғасырда намыстың қымбат бағасы,
Қымбат алтын дәстүр,салт-санасы.
Жалғап келген сонау отты жылдардан
Бас ием саған ұлылардың АНАСЫ!
Күнімдей болып көгімде күлген
Шуағын төккен көрікті адам
Шаршаған сәтте өмірден мүлдем
Шаттығым болып жолықтың маған
Жаныма бізін мұң сұққан кезде
Жанарым жасқа тұншыққан кезде
Асау тағдырдың берік тізгіні
Ырқыма көнбей қырсыққан кезде
Жанарымда нұр ойнап,шаттық күлген
Бойымнан арылмаған пәктік мүлдем
Қайран менің,балалық балдай кезім
Доп қуалап,шыбықты ат қып мінген
не болмақ? кім біледі өміріміз?
бір ысып- бір суынған көңіліміз.
тасқын жыр жағаны асып көп толқыса,
не дерміз! - мейлің тасып төгіліңіз
Көк бөрідей, тасыған батырлығым,
Ел мен және ар үшін!
Сусындатқан, өлеңмен ақындығым,
Жұртым және бар үшін!
Бабамның арман еткені-
Тәуелсіздік күні еді.
Тәңірім қолдап бүгін де,
Еліміз дамып гүлденді.
Біз қазақпыз!
Азат елміз бүгінде.
Елтаңбам тұр әсем болып төрімде
Әнұраным шарықтады көгімде
Қарашы,қабағын түйіп күз келді
Жапырақ жапты алтын сары іздерді
Даламен туған, жүрекпен қимай қоштасып,
Құстар да ұшты, табиғат үнсіз өзгерді.
Сенімді бол қайратыңа, күшіңе,
Салмақпенен қара әрбір ісіңе
Барлығын да жеңемін деп мақсат қой,
Сол арманға жетесің ақыр түбінде
Көзін ашып жарық дүние төріне
Қиын екен оған детдом төрінде
Тағдырының салған басқа ызғары
Амал қанша көну керек бәріне
Күзде жетті мейрамыңды жариялар
Қош келдіңдер асыл жандар қариялар
Ұлғайды жасым менің келді демең
Алдарыңда отыр міне дариялар
Қолға түскен сенің алғаш кітабың
Жүректен сен деп тағы туады үнім
Ән менен күй тербеледі егіздей бір
Көкте көріп отырсаң, қуан бүгін
Алтын арип, кадирли анураным
Айбынды аскак унди алып аним.
Колымды журегиме койып турып,
Биык устайм аркашан таныр анин
Күн күлімдеп ашты тағы қабағын,
Қуанышқа толтырады жанарын.
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсын жүректе,
Ұрпақ өсер айналып бір тірекке.
Мұқағали атамыз
Дүние есігін ашқан жыл –
Күллі қазақ халқына
Күн сәулесін шашқан жыл.
Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.
Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.
Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі