Әгөй көк
Ай, жаным, торы жорға, торы жорға, әгәй көк,
Басында торы жорға шәйіден дорба, өтеді жалған, амал жоқ.
Түскенде сен есіме, сенер болсаң, әгәй көк,
Басамын аяғымды әзер зорға, өтеді жалған, амал жоқ...
Басы биік Бұлғын тау мұнарланған-ей,
Өзен ағып баурынан – ей, сылаңдаған.
Әгигәу-гигәй.
Орман іші аң тола өрмелеген-ей,
Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.
Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигәй.
Ендеше, бес сала кер, бес сала кер,
Дегенім бес сала кер – бес сала кер.
Ахахау, айдой-ай.
Барады заман өтіп жылдан жылға,
Аулың сенің белде еді, белтұрғанда,
Орамалың желп етер жел тұрғанда.
Ахау, Үрия-ай!
Күн мен айын біреудің не қылайын,
Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.
Жұрағат, өлең айт деп нұсқадың ба-ай,
Айтушы ем сізге түгіл дұшпаныма-ай.
Жаныңа бағалатсам жан жетпейді-ау,
Жетеді кім жақсының мысқалына-ай.
Ахау, мосым – ахау, мосым,
Өзің көңіл бергенде болса болсын-ай.
Сүйген сәулем, жақын досым,
Аулымыздың арасы жақын қонсын-ай.
Есік алды қара су, қалың жиде,
Көңілім онда болса да көзім үйде.
Ахау, лилилай-ау.
Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,
Ендеше қара батыр, қара батыр,
Туылған көптен жалғыз дара батыр.
Қарашы сипап тұрып кер құласын,
Аяғын, жал-құйрығын тарап жатыр.
Айналайын, қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай.
Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен-ау,
Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айт дегенде өлеңді тіл айтады,
Қандай адам тіліме мін айтады-ай.
Өлең айт деп балалар қолқа салса,
Мен айтпасам, өлеңді кім айтады-ай?
Өлең десе дауысым, әнге келсін,
Үлкен, кіші отырған кемеңгерсің-ай.
Алдарыңа кез болдым осы үйде,
Күн-күн сайын бақытың дами берсін-ай.
Көктейді тамыр болса жалғыз терек,
Жасыннан суландырған алып қорек-ай.
Ей, ахау, әлиләй,
Ахау, әлиләй-ау.
Қозыбақтың қызы едім, атым Ұмсын,
Серттен тайған жігітті Құдай ұрсын!
Ақбоз үйдің ішінде мен отырсам,
Мені іздеген жігіттер үйге кірсін.
Атыңнан айналайын қалқатайым,
Шерімді өзіңе айтып тарқатайын.
Қолыма домбыра алып ән шырқасам,
Дауысым ашылады айтқан сайын.
Сүйгенім қой ішінде ісек-тұсақ,
Турасам қойдың етін болады ұсақ, қалилай ахуай.
Атасы атамыздың әнші дейді,
Болайық біз де өлсеңші солар құсап, қалилай ахуай.
Аулым көшіп барады Алмалыға,
Ой білмеймін шын істің, айдай, жалғанын-ай.
Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам,
Жетер ме екенқол созғанайдай, арманына-ай.
Құла тайым, тағы да құла тайым,
Асыл-ай, арман-ай,
Бес қолымның біреуі шынашағым.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Арғы жағы Ертістің толған боқтық,
Орыс-ноғай қор қылған қайрат жоқтық.
Қарағым қалқам, елім-ай,
Қайтып бір сені көрсем-ай.
Өлең басы бісміллә деп айтады,
Жаратымсыз жаман сөз не айтады, сәулем-ай.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай,
Құдайды айтпай әуелі не айтады, сәулем-ай.
Ахау,
Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы,
Жігіттің бұған құмар өнерпазы.
Күлім көз, оймақ ауыз бір сұлуды,
Қызығы бұл жалғанның өң беретін,
Жігітке өнер артық бір жүретін.
Аман бол, құрбым,
Көргенше қашан-ай.
Барады ауылым көшіп көлме-көлге,
Көлме-көл алыс дейді көрмегенге-ай.
Кетсе де алыс екі-ай, қалқа,
Жаз шығар күн күркіреп өлмегенге-ай.
Кескен ағаш қалады, жеңдей болып-ей,
Қара нөсер келеді мендей болып-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі