Мен сізді сүйген едім
Мен сізді сүйген едім,
Сіз соны білемісіз?
Сағынып сол күндерді,
Еске алып күлемісіз?
Мен сізді сүйген едім,
Сіз соны білемісіз?
Сағынып сол күндерді,
Еске алып күлемісіз?
Жанымның бір бөлшегі өзің едің,
Жетпейді саған жазған сезімдерім.
Тым алыста болсаңда жүректесің,
Жетеді сені ойлап көз ілгенім.
Кей кезде жүреккке көңілсіз мұң тұнып,
Кетемін қиялдап бір жылап бір күліп.
Жүректің түбіне тығылған бір сыр бар,
О Алла!бұл өмір не деген тіршілік?
Отаным Қазақстан кең мекенім,
Өзіңді әнге қосып мен өтемін.
Таныды бүкіл әлем бұл күндері,
Қазақстан ең мықты ел екенін.
Ей, қазағым, қайда бара жатсын,
Азғындыққа белшеңнен терең баттын,
Ұмытып дінің менен дәстүріңді,
Айтшы содан қайбір пайда таптын?
Ғажайып, теңдесі жоқ бұл ғаламда
Бәрі-бәрі тиесілі тек адамға
Өмірдің қожайыны болу үшін,
Білім керек оған, саған, маған да.
Жақсының төңірегі нұр болады,
Әр сөзі естен кетпес сыр болады.
Түйіндеп түйдек-түйдек сөз айтқанда,
Қиысқан қиқымы жоқ жыр болады.
Құраған ақындардың жыры ағат па.
Ақтарған шындығымен сыры ағат па.
Қазақы қара сөзідің құны жоқ па,
Шаң басып жататындай мұрағатта
Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..
Бұлттардай алдамшы мамықтың
Өзіне алданып қамықтың
Сырласың мен болып сол күні,
Көзіңнен жас болып тамыппын
Қиындықты жеңе біл құламағың,
Бұл жалғанда күле жүр жыламағың.
Аллаһтың берген күні құбылмалы,
Өзгереді тағдырың да сынамалы.
Бақыттан басым бір айналды,
Не себеп? Неліктен? Белгісіз.
Көңілім гүлдей боп жайнады,
Бір шаттық кернейді сенгісіз.
Қалың ойдан ба,әлде қолымдағы қаламнан ба?!
Білмедім,әйтеуір жүрегіме келді өлең.
Әдеппенен қазағыма сәлем бердім,Алты Алашым аман ба?
Талайдан бері көмейдегі жыр-жауhарын төкпем ем.
Әкешім асқар тауым, мұнарымсың,
Жігер берер көңілге шынарымсың.
Өмірдің не бір қилы сынағына,
Балаң үшін әр кезде де шыдағансың.
Білмеген екем,
жүректің тірідей өлетінін
Жалындап тұрып,
жалп етіп, мәңгі сөнетінін...
Төбемдегі жарқыраған күнім едің,
Айы жарық,жұлдызы жарқын түнім едің.
Еске алып,атажаным ойлап сені,
Жүрегімде жыр жазылды бүгін менің.
Бізде бүгін қуаныш,бізде бүгін тойдағы,
Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады.
Жан ағам,сендегі бар баққыттың ақ нөсер боп төгерін,
Сезе алды жырға лайық қарындастық әлемім.
Тәуелсіздік - азаттығы қазағымның,
Тәуелсіздік қашанда ғажап ұғым,
Бізге оңай келген жоқ егемендік.
Сондықтан да қастерлей білуді ұғын.
Бірлігі айрандай ұйып тұрған ел едік,
Алқымынан жау алмайтын бөрі едік.
Қазақтың жеріне ат сауғалаған мейманға,
Құлашын сермеп,кең жайылған төр едік.
Қанатым болса аққудай,
Тұра алмаймын бақ қумай.
Бір көлден орын тебемін,
Жалғыздық жеген сатқындай.
Таң. Өзен жағасы. Қызыл арай.
Жағалап жүгіремін саған қарай.
Ақша бұлт, қызыл түсті күн сәулесі.
Шағала қиқулықтап жарысады-ай.
Қайран менің Қарғалым,
Құлазыпты жан-жағың.
Жайлауыңа сән берген,
Қайда кеткен малдарың.
Ауыл – алтын бесігім,
Қойылған алғаш есімім.
Көргенімді сөз етсем,
Айтындаршы несі мін.
Туған жер, өскен орта, ата мекен,
Тым ыстық көрінеді ала бөтен.
Тосын мен Бесқопаның табиғаты,
Құдайдың бізге берген таланы екен.
Арқау болар сөзіме,
Бөлер шаттық сезімге.
Елестейді қырандай,
Торғай менің көзіме.
Тараған шартарапқа даңқы ұдай,
Танымал тұлғалары туған Торғай.
Аманкелді, Кейкілер жасақ жинап,
Басынған дұшпандарын қуған Торғай.
Бас имедің өмір жолы саған қиын болса да,
Бір пайдамды қыламын деп жәбір көрдің қаншама,
Армандадың өз еліңді тәуелсіз ел етуге:
-Мынау жәбір көрген халық созылады қаншаға?!
Өмірмен қош айтысу қиын жағдай,
Бойынды ауырлатып батар жанғай.
Әмірхан бірге өскен досым едің,
Сабырлы, қарапайым тілің балдай.
Алаш ұлы ақиқатқа сөз берген,
Қуаныш пен қиындықты көз көрген.
Жүрегім дүрс соғады, дүрс соғады,
Ойланамын бұл қоғамды өзгерген.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі