Менің көзім түскен емес еркекке
Менің көзім түскен емес еркекке,
Кіналайсың кейде, жарым, сен текке.
Сені сүйіп таңдағаным шын болса,
Сайтан сезім жеңе алмайды, селт етпе!
Менің көзім түскен емес еркекке,
Кіналайсың кейде, жарым, сен текке.
Сені сүйіп таңдағаным шын болса,
Сайтан сезім жеңе алмайды, селт етпе!
Талай-талай жазсам-дағы жақсы жыр,
Әз басыңа тең келмей-ақ жатты бір.
Сені ойлаған шақтарымда әйтеуір,
Ақ жүзімді бір әдемі жапты нұр.
Жолықтым саған айында со бір наурыздың,
Алмастай өткір мінезің жақсы, жан құрбым.
Әуелеп ұшып шыңдарға жеткен даусыңнан,
Әсеті келіп қалды ма деймін арғынның.
Масайраған жан емес асқанымда,
Ұлып жатыр бір қасқыр қақпанымда.
Ғашық еткен мені сол көкжал арман,
Түсірмес мешел тірлік қақпанына.
Қате келген телефон деп,
Алдайсың-ау, қарағым.
Тигізбеуге көңіліме,
Салқындықтың самалын.
Құстар-дағы кетті ұшып жылы жаққа, ауылына,
Жіберер ем хат жазып аппақ ұлпа бауырына.
Күздің мынау боз аспаны сұп-сұрғылт боп бозарды,
Боз тұманды бұл қаладан ауыл ойға оралды.
Балаларым тірлікте бағымды ашқан,
Оты ғой үмітімнің жанып жатқан.
Ана деген атымды өшіріңдер,
Сендерді сағынбасам.
Отырмын мен Әзияның қасында,
Осы бір күн жетер білем ғасырға.
Міне менің тұңғыш рет көргенім,
Өлеңінің үлгі қылып өрнегін.
Жынды емес ол сау көбелек,
Тіршілік жаралғаннан бар көбелек.
От айланып мазасыз жүргені оның,
От сезімге білсеңдер бай көбелек.
Сұрама дейді қазақ жылағанды,
Жыл келгенде бар адам қуанады.
Басып тұр қуанышты жұбанышым,
Уақытты қайтып адам қия алады.
Жыртылып жоғалғаны-ай көп өлеңім,
Қысқа ғұмыр сүргендей көбелегім.
Жанарымнан іркілген жасты көріп,
Жан досым, не үшін дедің, неге дедің.
Мең-зең болып сен келердің алдында,
Отыр едім отқа қарап телміріп.
Бұлт бүркенер күні бар ғой айдың да,
Жатқан жоқ қой бұл ғажапты ел біліп.
Өмірімнен түңілген шақтарымда,
Сырласқым кеп тұрады ақтарыла.
Арманым бар болғанмен дәрменім жоқ,
Телміріп көп қараймын аспаныма.
Жалғыз ай, жалғыз аспан, жалғыз ғалам,
Күн батып жұлдыз шықты андыздаған.
Шығыс жаққа қарадым күреңіткен,
Бір жұлдыз жаудырайды жалғыз маған.
Күн ашылса мен де ашылып кетемін,
Бүгінгіге ұқсамайды, кешегім.
Өз қуатым жету керек өзіме,
Ешкімнің де тіленбеуге жетегін.
Лапылдап жүрегінде сөнбес алау,
Күнде мың құны терең ой кешеді-ау.
Жазылған жігі жібек шіркін жыры,
Жұп- жұмыр жүректерді тербетеді-ау.
Қалай бассам аяқты дұрыс болар деуменен,
Есіріктер елеуреп итереді кеудеден.
Оңашада ой түсті мына менің басыма,
Аумайды ғой атаннан артылған тең деген.
Берекемді без бүйректер қашырды ма,
Білдірмей тоғымды да, ашымдыды да.
Көлбей кеп қонып едім көк жайлауға,
Көліксіз ойға қарай тасындым ба?
Ширатып, шырқыратып жыр арқауын,
Халқына қабырғалы ұлан таудың.
Әкелдім елден сәлем, жерден сәлем,
Халқынан алтын құсқан ұлы алтайдың.
Бағым ба, менің сорым ба?
Мен әйтеу саған жолықтым.
Өзің деп соққан жүрекке,
Еш амал таппай торықтым.
Албырт деуге келмес мүлде,
Келмес деуге баласың.
Қарттық саған алыс әлі,
Ал мен үшін данасың.
Сағынып жүрмін,
Ақ бұлттар көшкен тау жақты.
Жусаны аңқып,
Жұпарын шашқан аумақты.
Жақтыға сөз, жол бермейтін аттыға,
Қол баққан ит абаласа аптыға.
Кім біледі таң атқанша дөңбекшіп,
Мамық көрпе жамбасыңа батты ма?
Іздейсің бе кісіңді қаламаған,
Сезілесің сен әйтеу дана маған.
Екі көзім төрт болды қарай-қарай,
Қашан асып келед деп қара жалдан.
Дәл нешесі есімде жоқ ақпанның,
Түн жарымы ұйқылы-ояу жатқанмын.
Басу үшін сағыныштың сарығын,
Қиялымда саған қарай аттандым.
Таң атып қалды, бүгін түн кірпік ілмедім,
Жайымды ұғып, халымды жөн-ақ білгенің.
Қасынан мені әкетші мүлде алысқа,
Көзі ашық анау көмусіз қалған мүрденің.
Халық баулып қарғалдақтай,
Қайсар болып ержеттім.
Сетер жырмен сезімдес боп,
Жыр бесігін тербеттім.
Екеуара білеміз, жасырамыз жан салып,
Секем ала күлеміз еске алып тамсанып.
Жадыңдағы жаһұт мұң елесі ме бақыттың,
Тіл қата алмай тентіреп үлкен ойға батыпсың.
Жарамсағы жасырғанмен мінін көп,
Сөйлеседі өзді-өзімен күбірлеп.
Тым әсерлі әспеттеді өмірін,
Сейілде жүріп семіріп алған болса да,
Жылауға да, болар еркін күлуге,
Неге мұқтаж тірлік түмен білімге.
Мінсіз әлем болған емес қашанда,
Нағыз өнер мінсіз өмір сүруде.
Азаматқа ар өлшемі – ақ арман,
Түнді түріп таң тамаша ағарған.
«Жеті сайтан еріп кірер қылшықпен,
Қылшық жеуден, – дейтін апам – бол аман».
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі