Жыртылған хат
Сол жырларға... алып едiм кiлт кiмнен?..
Саған деген бар сырымды жұрт бiлген...
Онсыз да ауру жүрегiмдi жаралап,
сенiң жазған хатыңды оқып, жырттым мен...
Сол жырларға... алып едiм кiлт кiмнен?..
Саған деген бар сырымды жұрт бiлген...
Онсыз да ауру жүрегiмдi жаралап,
сенiң жазған хатыңды оқып, жырттым мен...
Бiр жылылық бар ма едi күз демiнде?..
Ән кеттi ме тырнаның тiзбегiнде?..
Терек үнсiз тұнжырап қалған шақта
сен менi iздедiң бе?..
Ауылда өткен тойлар-ай, ауылда өткен:
ғажап еді ауылда қауым неткен!
Сол ортадан білмеймін кеткеннен бе,
көңілімнен жаумай жүр жауын көптен!
Кінәң бар қоятұғын, аға, қандай?
Келеді тұлпар атым тағаланбай,
келеді төгілген тер еленбестен,
келеді сенен алар бағаны алмай.
Қызыл алма, қызыл алма,
Бұтағында жайқалған.
Қыз көрсең де, сөз таппайсың,
Көзің соған байланған.
Қалады кейде қырсығып,
Жүреді біраз жұлқынып.
Тыным таппай, тынбайды,
Төңкеріп үйді тастайды.
Қоштаспаймын мен қаласаң да.
Артыңнан қалмаймын, қаламасаң да.
Тағдырды адам жасайды қолдан.
Жараспаймыз деп жарылма, қалқам.
Көзің көрсең — көңілімнің көкжиегі,
Жүзің сенің — жүрегімнің бір себебі.
Сенің есімің — үнсіздікте жаңғырып,
Сезімімнің тереңінде тұр себебі.
Қыр төсінде қырмызы
Еңбек еткен ұл — қызы.
Кеудесінде Кәмшаттың
Жарқырайды жұлдызы.
Жасыл барқыт тау өзенің жағасы,
Судырайды қайың, терек ағашы.
Жібек желі желпіп әсем даланың,
Таза ауада жұпар аңқыр маңайың.
Уыты шоқтай жайнап нұр,
Шын ықылас тұйық сыр,
Қуаныш, бақыт жастық шақ,
Деп тұрғандай досқа ортақ,
Құлпырған торғын ен дала
Алтын астық егілген,
Егін боп өсіп жайқала
Еңбегім бұл көрінген.
Бозғыл тұман жамылып,
Мұнартып қарлы тау тұрды.
Көк шашагын тағынып,
Торғындай дала құлпырды.
Күн сәулесі таудан шығып,
Алтын шапақ төкті әлемге,
Толықсыйды жаз құлпырып,
Сәуле сүйген жасыл өлке.
Қарлы таудың торғын төсті
Баурайында бозғыл тұман.
Құздарында нар өркешті
Ақ жібек бұлт оратылған.
Түйме-түйме кірпіш құйып,
Қос қарлығаш ұя салды.
Сабан, мақта түбіт жыйып,
Үйін оңдап азаптанды.
Толқыған егіс теңізін
Келеді жүзіп нан кеме –
«Сталинец» ол біздің,
Егін орған сәндене.
Қырбықтанған қиыршық қар –
тоңазыған көз жасы,
Жанарынан аспанның
Жылағанында шығып па ең,
«Диiрменi мезгiлдiң айналғанда,
Талқандалмай қалуға айлаң бар ма?
Адамзаттың өмiрiн тыңдамайды ол
Бiрдей оған адам да, айуандар да.
Тамшы суға зар болып,
Көкте бұлтқа табынған,
Жері тозан шаң болып,
Шөбі күнге қарылған.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі