Бұрын «адамдар жыл өткен сайын есейеді» деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін. Себебі, адам бір сәтте есейіп кетуі мүмкін. Ілмектер: есею, жыл Харуки Мураками Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бұрын «адамдар жыл өткен сайын есейеді» деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін. Себебі, адам бір сәтте есейіп кетуі мүмкін.
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Адамдарсыз адам бағы жанбайды, Көңіл шіркін ықыласқа қанбайды. Жылы сөзді артығырақ айта бер, Жаның содан жарлыланып қалмайды — Қадыр Мырза Әлі адам, жылы сөз
Жай жатқан жыланның құйрығын баспа. — Саиф Сараи өсиет, тәлім
Табиғаттағы барлық жылу - күннен, Өмірдегі барлық жылу - адамнан. — Михаил Пришвин табиғат, адам
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр. — Омар Хайям көз, алдау
Жылуы жоқ жүрек – қуыс кеуде. — Жүсіп Баласағұни жылу, жүрек
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды. — Марк Твен әке, ақымақ
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі