Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы. Ілмектер: жұрт, әділдік, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын! — Ахмет Байтұрсынұлы жұрт, бала
Әділ сөйлеп, адал жүр. — Қожа Ахмет Йассауи әділдік, сөз
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар. — Шал Құлекеұлы адам, өмір
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт. — Халел Досмұхамедұлы тіл, жұрт
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. — Би-шешендер әділ, әділдік
Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. — Ахмет Байтұрсынұлы адам, іс
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі