Мейірімді еркек тойғанша тамақ жеп, бай болуды мақсат тұтпайды. Ол істі көп тындырады, бірақ аз сөйлейді. Ізгі адамдармен әңгімелескенде ол өз кемшіліктерін өзгертеді. Ілмектер: мейірімділік, еркек, нақыл, афоризм Конфуций Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мейірімді еркек тойғанша тамақ жеп, бай болуды мақсат тұтпайды. Ол істі көп тындырады, бірақ аз сөйлейді. Ізгі адамдармен әңгімелескенде ол өз кемшіліктерін өзгертеді.
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. — Ғабит Мүсірепов әйел, еркек
Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек. — Әзілхан Нұршайықов еркек, әйел
Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек... — Ғабит Мүсірепов еркек, жүрек
Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой. — Федор Достоевский ақыл, мінез
Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел. — Бауыржан Момышұлы еркек, әйел
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды. — Әзілхан Нұршайықов әйел, адалдық
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі