Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер, Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер. Ілмектер: су, өтірік, бәле, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер, Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. — Асан қайғы қадір, қасиет
Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі. — Жиренше шешен өтірік, шындық
Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. — Жүсіп Баласағұни үй, көрші
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық. — Бауыржан Момышұлы өтірік, шындық
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Асқар тау сенде бір мін бар- Асу бермейсің; Тасқын су, сенде бір мін бар- өткел бермейсің; Билер, сендерде бір мін бар- Басқаға сөз бермейсің! — Әйтеке би мін, сөз
Өскенді де көргенбіз, бөскенді де көргенбіз, Өсіп-бөсіп ақыры өшкенді де көргенбіз. Болғанды да көргенбіз, толғанды да көргенбіз, Болып, толып ақыры солғанды да көргенбіз. Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз, Асып-тасып ақыры сасқанды да көргенбіз. — Қайнекей Жармағамбетов өсу, асып-тасу
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі