Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға. Ілмектер: жүйрік, арлан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.
Шапса да қанша жүйрік біреу озар, Болмайды кіл үмітті қосқан жерде. Билер көп төр алдында сөзін созар, Жол табар көсем қайта қысқан жерде. — Ақан Сері Қорамсаұлы жүйрік, үміт
Бақталастықтан жасалған ештеңе ешқашан әдемі болмайды. Сол сияқты түпкі ниет мақтанып, тәкаппарлану болса да, таңғажайып дүние істелінбейді. — Джон Рескин Бақталастық, әдемі
Қасыңды аш қабағыңа қар жаумай, Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай, Өзіңді ұлы ұстар мінезді қой, Тәкаппарланып жұмағыңнан айырылмай! — Абдраманов Арсланбек Қасыңды аш қабағыңа қар жаумай, Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі