Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?! Ілмектер: мал, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы кітап, пайда
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін! — Әйтеке би бай, пайда
Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. — Бұқар жырау ер, найза
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. — Шалкиіз Тіленшіұлы ата, ұл
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі