Арғымақтың жалы жоқ — жабылар жалымен теңесер, Жақсылардың малы жоқ — жамандар малымен теңесер. Ілмектер: жақсы, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, теңдік Бұқар жырау Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Арғымақтың жалы жоқ — жабылар жалымен теңесер, Жақсылардың малы жоқ — жамандар малымен теңесер.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. — Абай Құнанбайұлы ақыл, ғылым
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді. — Ыбырай Алтынсарин ой, сөз
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. — Ыбырай Алтынсарин жақсы, мұғалім
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі