Майдалардың арасында жүрсең, ұсақтайсың. Ал iрiлердiң арасында өзiң де өсесiң. Ілмектер: майда, ірі, ұсақ, өсу, нақыл, афоризм, Шәкәрім қанатты сөздері Иоганн Вольфганг фон Гёте Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Майдалардың арасында жүрсең, ұсақтайсың. Ал iрiлердiң арасында өзiң де өсесiң.
Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі. — Жиренше шешен өтірік, шындық
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық. — Бауыржан Момышұлы өтірік, шындық
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Білімдінің сөзі — ем, Мейірімі көп, өзі кең! — Мағжан Жұмабаев білім, мейірім
Өгiздi өрге салма — қанатың талар, Наданға көзiңдi салма — сағың сынар. Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер. Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер. — Төле би Әлібекұлы надан, дос
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкiм қалап. Терең ой, терең ғылым iздемейдi, Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап. — Абай Құнанбайұлы Ынсап, ұят
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады. — Шәкәрім Құдайбердіұлы зиян, мінез
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі