Не жеңiл? — «Басқаларға кеңес беру». Ілмектер: жеңіл, кеңес, кеңес беру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фалес Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Не жеңiл? — «Басқаларға кеңес беру».
Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. — Абай Құнанбайұлы көрсеқызарлық, жеңілтектік
Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама, Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама. — Асан қайғы Ғылым, жұрт
Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл. — Джон Локк тәрбиеші, мұғалім
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. — Роберт Ингерсолл ерлік, сынақ
… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды. — Роберт Кийосаки құлау, қоғам
Жеңілістің өзінен де ұяты жаман. — Тоныкөк ұят, намыс
Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ. — Бауыржан Момышұлы ақыл, кеңес
Хабарлама
INFO
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі