Өміріңдегі ең басты ісің — қазіргі істеп отырғаның, Өміріңдегі ең басты адамың — қазіргі сөйлесіп отырғаның. Ілмектер: өмір, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өміріңдегі ең басты ісің — қазіргі істеп отырғаның, Өміріңдегі ең басты адамың — қазіргі сөйлесіп отырғаның.
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! — Мұқағали Мақатаев уақыт, адам
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. — Мұхтар Әуезов ниет, күш
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. — Мұхтар Әуезов іс, күш
Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. — Дінмұхамед Қонаев өмір, үйрену
Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді. — Ғабит Мүсірепов адам, өмір
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге — Мұқағали Мақатаев Өкінбе, өкпелеме
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді. — Ыбырай Алтынсарин ой, сөз
Хабарлама
INFO
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі