Қол жетпес шыңыраудағы су болғанымша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болайын. Ілмектер: су, пайда Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанымша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болайын.
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы кітап, пайда
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін! — Әйтеке би бай, пайда
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. — Асан қайғы қадір, қасиет
Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. — Бұқар жырау ер, найза
Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. — Жүсіп Баласағұни үй, көрші
Асқар тау сенде бір мін бар- Асу бермейсің; Тасқын су, сенде бір мін бар- өткел бермейсің; Билер, сендерде бір мін бар- Басқаға сөз бермейсің! — Әйтеке би мін, сөз
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі