Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді. Ілмектер: әйел, жан, сүю Михаил Лермонтов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді.
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Жаман еркек жар қадірін білмес, Жайсыз әйел ер қадірін білмес. Жалқау адам тер қадірін білмес, Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. — Майқы би жаман, ер
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. — Ғабит Мүсірепов әйел, еркек
• Ердің туы – намыс. • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. • Ердің Еділ тобығынан келмейді. • Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың • Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. • Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың, Өлтірмесең – өлімге тұтылдың. • Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін. • Қырағының өзі де, көзі де батыр. • Ерлік – елеусіз қалмас. • Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. • Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты. • Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. • Ежелден ел тілегі – ер тірегі, Адал ұл ер боп туса – ел тілегі. • Екі сырттан қанға батып таласса, Қарақұсқа жем болады. • Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық. • Командир – аға, солдат – іні. • Айқаймен ала алмайсың, Ақылмен, айламен алғын. • Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі. • Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді. • Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі. • Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір, Өршеленген жаудың үнін өшір. • Сабырлылық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады. • Ер бақыты – ел қолында, Ел бақыты – ерлер қолында. • Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді, Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді. • Қорқақ – қаққа шөгіп өледі. • Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. • Әдіссіздік – әлсіздік, Ептілік те - ерлік. • Қара бет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық! • Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер. — Бауыржан Момышұлы нақыл сөздер, Бауыржан Момышұлы
Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек! — Бауыржан Момышұлы адам, ақша
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді. — Бөкен би тән, жан
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі