Жер-суынан айрылған елде не билік болады... Ілмектер: Жер, су, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жер-суынан айрылған елде не билік болады...
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. — Асан қайғы қадір, қасиет
- Дүниеде не жетім? - Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім.. — Жиренше шешен жетім, жер
Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. — Жүсіп Баласағұни үй, көрші
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес. — Қаныш Сәтбаев ел, мақтаныш
Асқар тау сенде бір мін бар- Асу бермейсің; Тасқын су, сенде бір мін бар- өткел бермейсің; Билер, сендерде бір мін бар- Басқаға сөз бермейсің! — Әйтеке би мін, сөз
Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім. — Әбілхан Қастеев сурет салу, тау
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. — Мағжан Жұмабаев ұлт, тіл
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі