Супермаркетке кіріп ештеңе алмай шыққанымда, сатушы түгілі өзім күмәнданам өзімнен: - Бірдеңе іліп кетпедім бе? - деп. Ілмектер: сатушы, ұры Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Супермаркетке кіріп ештеңе алмай шыққанымда, сатушы түгілі өзім күмәнданам өзімнен: - Бірдеңе іліп кетпедім бе? - деп.
Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып. - Атың кім? - деп сұраса Ұры: - Әрине - деп жауап береді. - Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті. - Елің қайда? - десе "Әрине" - деп айта беріпті. Сонда бай: - Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады. Сонда ұры: - Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті. әзіл, ұры
Ұры иесі жоқ үйге түсіпті. Заттарды қаптап жатса, тордың ішіндегі тотықұс: - Кеша бәрін көріп тұр. Кеша бәрін көріп тұр! – деп қақсап отыр екен. Ұры торды орамалмен жауып тастапты. Тотықұс: - Кеша деген мен емес, Кеше деген — төбет. Кеша, фас! — деген екен. тотықұс, ұры
Сапасыз тұрғызылып құлаған тұрғын үйдің мән-жайын, құлау себебі мен кінәліні анықтау үшін сот құрылады. Әдеттегідей кінәліні табу қиынға соғады. Содан сотқа бірінші кірпіш шақырылып, сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сен сапасыз болғандықтан үй құлады» дейді. Кірпіш: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен өз қызметімді дұрыс атқардым, құмнан немесе цементтен сұраңыз бәлкім солар кінәлі шығар» дейді. Сонан соң құм сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сенің кесіріңнен үй құлап қалды» делінеді. Құм: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен де өз қызметімді аздап болса да атқардым, сіз цементтен сұраңыз мән-жайды» дейді. Кейін цементті шақыртып, сұраққа алады: «Үйдің құлағанына сен кінәлі екенсің, мойында» дейді. Сонда цемент: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, менің қатысым жоқ, мен ол жерде мүлдем болған емеспін» деген екен. тұрғын үй, Сот
Екі жігіттің әңгімесі: — Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой. — Иә. — Онда қандай маман болдың? — Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым. — Ол жерден неге шығып кеттің? — Үйімді салып болдым ғой. жігіт, құрылыс
Құрылысшы мен тапсырыс беруші әңгімелесіп тұр. — Қабырғаны өте жұқа қылып қалапсыздар. — Жұқа емес, оның сыртынан әлі тұсқағаз жапсырамыз ғой. Құрылысшы, үй
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі