Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді. Ілмектер: кедейлік, байлық Абай Құнанбайұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.
Денсаулық туралы нақыл сөздер. Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы. М.Я.Мудеров. Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабіоетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс. Гиппократ. Дене жаттығуларымен қалыпты жəне өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді. Ибн-Сина. Денсаулық-байлықтан қымбат. Д.Рей. Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі. Т.Карлейль. Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді. Т.Фуллер. — Зекешева Лаззат денсаулық, гимнастика
Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың. — Қорқыт ата байлық, жеу
Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай. — Жүсіп Баласағұни бай, байлық
Батыр боп жауға найзаң тимесе, Батырлықтан не пайда. Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, Байлығыңнан не пайда… — Әйтеке би батыр, бай
Байлық — қанағат пен еңбекте. — Ыбырай Алтынсарин байлық, қанағат
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес. — Шал Құлекеұлы кедейлік, жігіт
Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ. — Ғабит Мүсірепов байлық, үлес
Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ өмірдегі шынайы құндылық – байлықта емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында. — Нарша Булгакбаев байлық, адам
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі