Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға. Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.
Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес. — Әбул-Хасан Рудаки ар, адам
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан. — Абай Құнанбайұлы өлім, нақыл
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Өлгендер қайтып келмейді, Шыққан жан қайтып енбейді. — Қорқыт ата өлім, жан
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен, Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен. Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенге боласың тең. — Абай Құнанбайұлы өмір, махаббат
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі. — Әйтеке би Өмір, халық
Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны, Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны, Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны, Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді. — Бұқар жырау өлім, хат
Өмірім — өзгенікі, өзімдікі — өлім ғана. — Әйтеке би өмір, өлім
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі