Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны. Ілмектер: кәрі, өлім, жас Шал Құлекеұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан. — Абай Құнанбайұлы өлім, нақыл
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Өлгендер қайтып келмейді, Шыққан жан қайтып енбейді. — Қорқыт ата өлім, жан
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар. — Шал Құлекеұлы адам, өмір
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен, Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен. Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенге боласың тең. — Абай Құнанбайұлы өмір, махаббат
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі. — Әйтеке би Өмір, халық
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. — Абай Құнанбайұлы Абай, қымбат
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер, Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер. Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә, Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер... — Омар Хайям өмір, кәрілік
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі