Малы көптің - қайғысы да көп. Ілмектер: мал, қайғы Құтып Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Малы көптің - қайғысы да көп.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. — Шалкиіз Тіленшіұлы ата, ұл
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар. — Сырым Датұлы көңіл, қайғы
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге, Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. — Бұқар жырау тас, теңіз
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас, Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. — Абай Құнанбайұлы ар, мал
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі