Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Ешкiмдi ұнатпайтын адам ешкiмге ұнамайтын адамға қарағанда әлдеқайда бақытсыз.

Ілмектер: ұнату, ұнатпау, адам, нақыл, афоризм, бақытсыз, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Бiр тамшы балға қонатын шыбын бiр шелек сiлтiге қонатын шыбыннан көп болмақ.

Ілмектер: тамшы, шыбын, бал, сілті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Авраам Линкольн

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Ілмектер: данышпан, бұлақ, су, төмен, жоғары, өзен, көл, анықл, афоризм, қанатты сөздер, тау Лао-цзы

Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.

Ілмектер: ақыл, арыстан, күш, тышқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махмұд Қашқари

Әр күндi кiшкентай өмiр деп қарау керек.

Ілмектер: күн, кішкентай, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.

Ілмектер: жаман, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз.

Ілмектер: тарих, кемеңгерлік, поэзия, шешендік, математика, зеректік, ғылым, терең, адамгершілік, логика, айтысу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ілмектер: халық, жақсылық, сөз, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ.

Ілмектер: ақылды, ақыл, тілек, ақымақ, ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Адамдарды соңыңнан ерткiң келсе, олардың соңынан жүр.

Ілмектер: адам, ерту, соңы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Тай өссе ат тыныс алады,
Ұл өссе ата тыныс алады.

Ілмектер: тай, ата, ұл, тыныс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махмұд Қашқари

Өзiңiз кездескен адамдардың төрттен үшi көңiлiне ортақтасқаныңызды қалайды. Оны бiлдiрiңiз, сонда сiздi түсiнетiн болады.

Ілмектер: қалау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл Дейл Карнеги

Ең даналар мен ең ақымақтар ғана өзгермейдi.

Ілмектер: дана, ақымақ, нақыл, өзгеріс, өзгеру, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Сыйлы болу үшін, алдымен өзің жұртты сыйла!

Ілмектер: сыйғ сыйлы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сәуле Досжанова

Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.

Ілмектер: тіл, халық, мәңгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шыңғыс Айтматов

Бесік болып тербеген,
Алтын қанат азат күн!

Ілмектер: бесік, алтын, азаттық, азат, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шона Смаханұлы

Қателігіміздің өзі — қателеспеуге тырысуымызда.

Ілмектер: қателік, қате, тырысу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дидахмет Әшімхан

Қазақтың бақыты шапандардың санымен өлшенеді.

Ілмектер: қазақ, бақыт, шапан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дидар Амантай

Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!

Ілмектер: қазақ, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы