Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.

Ілмектер: өлім, жер, адам Жүсіп Баласағұни

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!

Ілмектер: білім Абай Құнанбайұлы

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Ілмектер: заман, жарыс, бой, ой Нұрсұлтан Назарбаев

Мен еш уақытта еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.

Ілмектер: оқу, жағдай Альберт Эйнштейн

Ештеңе сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

Ілмектер: сұрау, үйрену Фуллер Тори

Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт — тыныш өмір кешеді.

Ілмектер: жастық шақ, қайрат Жүсіп Баласағұни

Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет біліп қой.

Ілмектер: ынсап, ұят, ой, зейнет Абай Құнанбайұлы

Тұмсықтының тамағы,
Шоқу менен табылар,
Өнер-бiлiм дегенiң,
Оқуменен табылар.

Ілмектер: өнер, оқу Ыбырай Алтынсарин

Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.

Ілмектер: бақыт Махатма Ганди

Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба?! Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!

Ілмектер: тіл, нан, Қазақ Асылы Осман

Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді.

Ілмектер: ішу, жеу, білу, көру, адам Абай Құнанбайұлы

Әзіз тірлік - білімдіде.

Ілмектер: тірлік, білім Жүсіп Баласағұни

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Ілмектер: кітап, пайда, білім Абай Құнанбайұлы

Жолдастықтан асқан қасиетті дәнекер жоқ.

Ілмектер: жолдастық Николай Гоголь

Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

Ілмектер: әйел, ана, бала, әлем Мұхтар Әуезов

Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.

Ілмектер: тәрбие, ұстаз Саиф Сараи

Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек, борыш Федор Достоевский

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ілмектер: ақыл, ес, бала Жан-Жак Руссо

Айлакердің құрып қойған тұзағынан құтылу үшін кейде дөрекі болу да жеткілікті.

Ілмектер: айлакер, тұзақ, дөрекі Франсуа де Ларошфуко

Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.

Ілмектер: ақын, проза Асқар Сүлейменов