Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Ілмектер: ер, ел, бақыт, жүрек Бауыржан Момышұлы

Адам өзінің аяулы қасиеттері жайында неғұрлым аз ойлап немесе аз білсе, бізге соғұрлым көп ұнайды.

Ілмектер: адам, қасиет, ойлану, ұнау Ральф Уолдо Эмерсон

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

Ілмектер: идея, өнер, оқушы, жазушы Асқар Сүлейменов

Ауыр еңбек – сіз жасау керек болған, сіз жасамаған жеңіл жұмыстарды жинап алу.

Ілмектер: еңбек, жұмыс, жеңіл, ауыр Джон Максвелл

Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Ілмектер: ерлік, адам, өкініш Бауыржан Момышұлы

Оқ нысанаға ғана атылады.

Ілмектер: оқ, нысана, өсиет Құтып

Менде керек заттың бәрі бар. Тек қана идея керек.

Ілмектер: идея Сергей Капица

Темірді жайлап иер болар.

Ілмектер: темір, өсиет Құтып

Естеріңізде болсын, пышақтан да, балтадан да, тіпті мылтықтан да қорғануға болады. Бірақ мүмкіндік болса, қашып кетуге тырысыңыз. Алды-артыңызға қарамай қашыңыз. Өйткені оның арты жақсылыққа апармайды.

Ілмектер: пышақ, мылтық, қорғаныс, қашу Сергей Довлатов

Сауалы бұйрық тектіге – солқылдақ жауап жүрмеген.

Ілмектер: сауал, бұйрық, жауап Асқар Сүлейменов

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Ілмектер: тәртіп, жауынгер, қару Бауыржан Момышұлы

Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

Ілмектер: бала, мейір, шапағат, ақыл, парасат, еңбек Абай Құнанбайұлы

Құмарлыққа әділетсіздік пен пайдакүнемдік сондай тән, сондықтан оған сену қауіпті, тіпті ақылға сыйымды болып тұрса да сақтанған абзал.

Ілмектер: құмарлық, әділетсіздік, пайдакүнемдік, ақыл, сақтық Франсуа де Ларошфуко

Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді.

Ілмектер: қар, Қаратау Бауыржан Момышұлы

Тәкаппарлық өзі туралы тым жоғары және басқалар туралы тым төмен пікірден қалыптасады.

Ілмектер: тәкаппарлық, пікір Мишель де Монтень

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.

Ілмектер: ақыл, ғылым, ар, мінез, адам, озу Абай Құнанбайұлы

Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.

Ілмектер: ақыл, алыс, дүние Жүсіп Баласағұни

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

Ілмектер: халық, тіл, ана тілі, жастар, білім, мәдениет, тіл туралы Ахмет Жұбанов

Жақсы мұғалімдер жақсы оқушыларды жасайды.

Ілмектер: мұғалім, оқушы Михаил Васильевич Остроградский

Егер мұғалім өте беделді болса, онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне, сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы, өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды.

Ілмектер: мұғалім, мінез, өмір, іс, әрекет, маңыздылық Михаил Иванович Калинин