Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.
Ілмектер: кітап, кітапхана Әбіш Кекілбаев
Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл – үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу.
Ілмектер: ғылым, білім Василий Ключевский
Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік.
Ілмектер: тау, дала, биік, ынтымақ, бірлік Олжас Сүлейменов
Заттар мен құбылыстарды танитын күш - ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.
Ілмектер: ақыл, күш Бауыржан Момышұлы
Халықтың бір бөлігін өмір бойы алдауға болар, тіпті, барша халықты та біршама уақыт алдауға болады, алайда, бар халықты өмір бойы алдауға болмайды.
Ілмектер: халық, өмір, алдау Авраам Линкольн
Жастық шақ қазіргісін ғана ойласа, кемел жас бүгінгісін де, бұрынғысын да, болашағын да елеусіз қалдырмайды.
Ілмектер: жастық шақ, болашақ, бүгін Фернандо де Рохас
Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.
Ілмектер: адам, әділдік, өмір Әбіш Кекілбаев
Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Ілмектер: заң, мемлекет Шерхан Мұртаза
Текстің дәмін алудың төте жолы - талмай оқу.
Ілмектер: оқу, текст, мәтін Асқар Сүлейменов
Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес.
Ілмектер: ойын, бала, ақыл.ой Василий Сухомлинский
Сайлау бюллетені оқтан да күшті.
Ілмектер: сайлау, оқ Авраам Линкольн
Мәскеу қанша ашуымды келтірсе де, ол менің туған қалам.
Ілмектер: Мәскеу, қала, туған жер Сергей Капица
Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.
Ілмектер: жауынгер, ана, ұл, артық Бауыржан Момышұлы
Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.
Ілмектер: өмір, адам, өлім Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Тірі адам — табылар.
Ілмектер: адам, тірі, өмір Жүсіп Баласағұни
Отбасы – шағын мемлекет,
Ілмектер: отбасы, президент, премьер, Мемлекет Қасым Аманжолов
Мен – президент, сен – премьер.
Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.
Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми
Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.
Ілмектер: өмір, қоғам Бауыржан Момышұлы
Масқаралық істеп қоюдан қорқу - ерлік; басқалардың бізге жасаған лайықсыз қылықтарын шыдамдылықпен бастан кешіре білушілік те дәл сондай ерлік болып табылады.
Ілмектер: масқара, ерлік Бен Джонсон
Ерлік қауіп-қатерді батылдықпен жеңуден емес, оны қаймықпай қарсы алудан тұрады.
Ілмектер: ерлік, қауіп, қатер, жеңіс, қарсы алу Жан Поль
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі