Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.

Ілмектер: тіл, тәрбие Махмұд Қашқари

Тіл - жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары.

Ілмектер: тіл, тарих, ақпарат Олжас Сүлейменов

Мен ертегі жазуға тырыстым, бірақ еш нәтиже шыға қоймады. Балаларыма жазған ертегілерімнің бірін көрсеттім. Олар: «Әке, сіз балаларды осыншалық ақымақ деп ойлайсыз ба?» деп қайтарып берді.

Ілмектер: ертегі, әке, бала Габриэль Гарсиа Маркес

Тарих дегеніміз – бір халықтың тек қана еркіндікке қарай ұмтылысының тарихы ғана емес, сол халықтың тәрбиесінің де тарихы.

Ілмектер: тарих, халық, еркіндік, тәрбие Жозеф Ренан

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.

Ілмектер: ел, тіл, қадір-қасиет Жүсіп Баласағұни

Шын режиссура – жүрек сияқты: соққаны білінбейді.

Ілмектер: жүрек, режиссура Асқар Сүлейменов

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.

Ілмектер: Әке-шеше, өтірік, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі.

Ілмектер: құлдық, қорқақтық, ездік, қорқақ Ғабит Мүсірепов

Күздегі жапырақтай қалтырама.

Ілмектер: күз.жапырақ Жалаладдин Руми

Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды.

Ілмектер: ынтымақ Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.

Ілмектер: сөз, сайыс, тіл Тоқсары

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.

Ілмектер: ақыл, тән, сұлулық, ой Франсуа де Ларошфуко

Ақырын жүрген алысқа барады.

Ілмектер: ақырын, алыс, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым Құтып

Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі.

Ілмектер: тіл, халық, жол, ғұмыр, тарих, куәгер Сарсен Аманжолов

Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…

Ілмектер: ана тілі, тіл, қазына, ұрпақ Жүсіпбек Аймауытов

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, үлгі, ата, ана, ас, ақыл Қорқыт ата

Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды.

Ілмектер: жылнама, тарих, драма, соғыс, бейбітшілік Олжас Сүлейменов

Сөз - құлын да, ой - жылқы.

Ілмектер: сөз, ой Асқар Сүлейменов