Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым.

Ілмектер: ғалым, залымдық Әлішер Науаи

...үрей атаулының бәрін білім жеңеді.

Ілмектер: білім Виссарион Белинский

Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

Ілмектер: қазақ, намыс, рух, орыс, ұлт Дінмұхамед Қонаев

Сауыңда жүрмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.

Ілмектер: денсаулық, ауру Гораций

Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы.

Ілмектер: ер, найза, халық, пайда Бұқар жырау

Бәрін айт та, бірін айт, коллективтің жырын айт.

Ілмектер: ұжым Бейімбет Майлин

Еңбекке дағдыланып алсаң болды, онсыз тіршілік ете алмайсың. Бұл дүние дегенің бәрі еңбекке байланысты.

Ілмектер: еңбек, дүние Луи Пастер

Мен тақалған уақытты жақсы көремін. Зуылдаған дыбыстың жанымнан өткені ұнайды

Ілмектер: уақыт, дыбыс Дуглас Адам

Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.

Ілмектер: мектеп, тіл, сөз, ана тіл Халел Досмұхамедұлы

Болашақ қазірден бастап қалану керек. Оны жоспар дейді. Онсыз бұл әлемде ештеңеде жақсы болмайды.

Ілмектер: болашақ, жоспар, әлем Георг Лихтенберг

Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.

Ілмектер: тіл, әліп-би, әліппе, әліпби Ахмет Байтұрсынұлы

Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

Ілмектер: адалдық Әл – Фараби

Жастық — жиһандағы ұлы тылсым.

Ілмектер: жастық шақ Александр Пушкин

Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.

Ілмектер: ел, тіл, мәдениет Халел Досмұхамедұлы

Тіл ешбір уақытта өзге нәрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады.

Ілмектер: тіл, халық Ғұмар Қараш

XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

Ілмектер: тіл, қазақ Ахмет Байтұрсынұлы

Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

Ілмектер: ерлік Аристотель

Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.

Ілмектер: тарих Олжас Сүлейменов

Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.

Ілмектер: қаза тілі, тіл, ғылым Халел Досмұхамедұлы

Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.

Ілмектер: тіл, мақсат, халық Ғұмар Қараш