Өлең, жыр, ақындар

Максим Горький

Максим Горький, сол сияқты Алексей Максимович Горький (туылған уақытында Алексей Максимович Пешков есіміміен танымал, 16 (28) наурыз 1868, Нижний Новгород, Ресей империясы — 18 маусым 1936, Горки, Московская область, КСРО) — орыс жазушы, прозаик, драматург.


Туындылары Нақыл сөздері

Сүйікті әйелге қарттық жоқ.

Ілмектер: әйел, сүйікті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Адамдар жалпы өзiн қоршаған ортаның мәнiсiне көп бара бермейдi. Көрген нәрсенiң мағынасын ойлануға уақыт таппайды, күйбең тiршiлiктiң тұтқынында өмiр сүредi, өзiнiң биологиялық қажеттерiн, өзiнiң өркөкiректiгiн қанағаттандыру жайын ғана ойлайды және өмiрде жылы орын табуға ұмтылады.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Бiз достарды бәтеңке таңдағаннан да нашар таңдаймыз.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Құдіретті, өшпес өмірдің сарқылмас бұлағы — әйелді — Ананы ардақтайық. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, Ананың сүтінен тараған. Өмірге деген махаббатымыздың өзегі де, міне, осында.

Ілмектер: Максим Горький, өмір, ана, әйел, қасиет, күн, ана сүті, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Адамның өзiне-өзi ұнағысы келудi қатты қалағаны жақсы емес, өйткенi оған: мен ақымақ емеспiн бе деген ой маза бермейдi.

Ілмектер: ой, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Еңбек – ақыл мен мәдениеттің бүкіл адам баласына ортақ мерекесіне апаратын тура жол.

Ілмектер: еңбек, ақыл, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәдениет, мереке Максим Горький

Бақыт дегенiмiз адамның өзiмен-өзi бейбiт өмiр сүруi. Бұл да адал тiрлiк iстегенде келедi.

Ілмектер: бақыт, афоризм, қанатты сөздер, өмір, нақыл, адалдық Максим Горький

Көпшiлiгiмiздiң тiрлiгiмiз тарақандiкi сияқты, яғни өмiр бойы жылы жерде отырып, мұртшаларын қимылдату, нан жеп, кiшкене тарақаншаларды қаптату.

Ілмектер: тірлік, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Әр адамның көңiл түбiнде сылдырмақ бар, егер оған тиiп кетсек, адам өзiндегi ең жақсы әуенмен сыңғырлай жөнеледi.

Ілмектер: көңіл, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Адамдар не iстесе де, олар сайып келгенде өзiнiң ыңғайлы орналасуын тiлейдi.

Ілмектер: ыңғай, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Сөздi iске айналдыру iстен сөзге көшкеннен әлдеқайда қиын.

Ілмектер: сөз, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Әр күндi кiшкентай өмiр деп қарау керек.

Ілмектер: күн, кішкентай, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Ең қасиеттi нәрсе — адамның өзiне-өзi наразылығы.

Ілмектер: қасиет, адам, наразылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді — көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың.

Ілмектер: көркем өнер, ғылым, кітап, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.

Ілмектер: бақыт, күш, кітап, нақыл, афоризм, керемет, қанатты сөздер Максим Горький

Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.

Ілмектер: байлық, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын.

Ілмектер: қасиет, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

Ілмектер: кітап, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды.

Ілмектер: адам, ана, перзент, нақыл, афоризм Максим Горький

Өзіңе, өзіңнің күшіңе деген сеніммен қаруланып алу керек, ал бұл сенімге кедергілерді жеңу арқылы, ерікті тәрбиелеп, оны «жаттықтыру» арқылы жетеді. Өз бойыңдағы және өзіңнен тысқары жердегі өткеннің, түкке алғысыз мұрасын жеңуге үйрену қажет... Өзін-өзі сәл ғана жеңудің өзі адамды ана ғұрлым күшті етеді.

Ілмектер: сенім, адам Максим Горький

Қарап көріңіз