Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.

Ілмектер: достық, бала, ойын Тоқсары

Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!

Ілмектер: ерлік, реніш, өкіну, жесір, жер Махамбет Өтемісұлы

Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса.

Ілмектер: пайдасыздық, ұл, керексіздік Махамбет Өтемісұлы

Бірлік түбі - береке.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ, татулық, береке Майқы би

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.

Ілмектер: білім, ел, болашақ Нұрсұлтан Назарбаев

Әдебиет атомнан да қуатты, бірақ оның күшін отын жаруға қолданудың қажеті жоқ.

Ілмектер: әдебиет, күш Абдулла Қаһар

Костюм киген жігіт өзін салмақты, байсалды ұстауға тырысады.

Ілмектер: костюм, жігіт, байсалдылық, салмақты Сергей Капица

Жасарудан арықтау әлдеқайда жеңілдеу сияқты. Бірақ екеуіне де қол жеткізуге болады.

Ілмектер: жасару, арықтау Роберт Де Ниро

Адам — бір оқтық.

Ілмектер: адам Саиф Сараи

Көңіл - мейман дүниеге.

Ілмектер: көңіл, мейман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар дуана.

Ілмектер: кәрі, жас Махамбет Өтемісұлы

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Ілмектер: адам, өмір, еңбек Ғабит Мүсірепов

Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң— жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.

Ілмектер: аға, әке, сүйген жар, ана, айрылу Сырым Датұлы

Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.

Ілмектер: қыз, той, сұлу, ой, ақыл Шернияз Жарылғасұлы

Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз.

Ілмектер: көңіл, шындық, тілек Мұхтар Әуезов

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.

Ілмектер: ақыл, хан, би Майқы би

Ақиқат жеңер жалғанды.

Ілмектер: ақиқат, жеңу Міржақып Дулатұлы

Түйірдей болса да - түйінді ойың болсын.

Ілмектер: ой, ақыл Мұзафар Әлімбаев

Ақыл - дария білгенге.

Ілмектер: ақыл, дария Шортанбай Қанайұлы

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.

Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл, ер жету, бойжеткен, сөз, сөйлеу Сырым Датұлы