Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Қарадан хан болсам — халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам — атам жараған болар,
Жоқтан бар болсам — құдайым қараған болар.

Ілмектер: кедей, халық, нар, кедейшілік Сырым Датұлы

Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ,
Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ.

Ілмектер: ынтымақ, үлгі, қария Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жалған да жарық дүние! Бізден де бір күн қаларсың!

Ілмектер: дүние, өмір Шәңгерей Бөкеев

Баласыз адам — бақытсыз адам.

Ілмектер: адам, бала, бақыт Шерхан Мұртаза

Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

Ілмектер: адам, құл Әлихан Бөкейханов

Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы,
Топырағы сортаң, суы ащы — жер сорлысы,
Әйелі семіз, ері арық — ел сорлысы.

Ілмектер: сор, семіздік, әйел, ер, мал, су, топырақ Сырым Датұлы

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.
Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Ілмектер: дүние, өмір, туыс, ағайын, алдау Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант-қабілеті — құдіреттілік табиғатының, мүлдем беймәлім әрі ешқашан да танып-білу мүмкін емес мәңгілік құпияның нақты көрінісі осы емес пе?!

Ілмектер: адам, дүние, құбылыс, таңғажайып Шоқан Уәлиханов

Қайрат – қамал бұзады.

Ілмектер: қайрат Бауыржан Момышұлы

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.

Ілмектер: қорғау, ел, ерлік Бауыржан Момышұлы

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Ілмектер: сенімділік, табыс, қуат, әрекет Бауыржан Момышұлы

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Ілмектер: бақ, ұл, қонақ, бозбала, бейнет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Ілмектер: сараң, парақор, іс, үй Майқы би

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ілмектер: еркек, әйел, бұзу, құмарлық Бауыржан Момышұлы

Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер.

Ілмектер: керуен, торғай, жүріс, түн, аң Қорқыт ата

Сен білгенді білуге де тайсалдым.

Ілмектер: білу Александр Пушкин

Не болса да - сабыр қыл.

Ілмектер: сабыр Қожа Ахмет Йассауи

Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кімбілген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар».

Ілмектер: дос, бала Тоқсары

Бір бала бар — атасына жете туады,
Бір бала бар — атасынан өте туады,
Бір бала бар — көтінен кері кете туады.

Ілмектер: бала, ата Қазыбек Келдібекұлы

Ұл туса — әкеге тартар.

Ілмектер: ұл, әке, ұқсау Жүсіп Баласағұни