Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.

Ілмектер: қарттық, қартаю, жас, жастық шақ Майқы би

Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары модерндік ертегі болып шықты. Бұл ертегінің ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа әсері болмады. Эволюция ертегілері де ғылыми зерттеулерді ойран етті.

Ілмектер: Чарльз Дарвин, эволюция, ғылым, адам Джон Дурант

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Ілмектер: өмір, қуаныш, білім, тәжірибе, халық, тарату Бауыржан Момышұлы

Жаман еркек жар қадірін білмес,
Жайсыз әйел ер қадірін білмес.
Жалқау адам тер қадірін білмес,
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.

Ілмектер: жаман, ер, әйел, адам, ел, қадір Майқы би

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық, ұят Николай Шелгунов

Барлығын ақшамен байланыстырудың қажеті жоқ. Одан да асқан құндылықтар бар екенін ұмытпайық.

Ілмектер: ақша, құндылық Сергей Капица

Дем алу үшін - алдымен еңбек ету керек.

Ілмектер: еңбек, дем алу Құтып

Кісінің түсіне емес, ісіне қара.

Ілмектер: іс, еңбек Саиф Сараи

Мас адамға бәрі жөн.

Ілмектер: мас, арақ Александр Пушкин

Жұмбақ - сөз образының кілті,
Ақындықтың ұрық-дәні.

Ілмектер: жұмбақ, ақын, ақындық, сөз Мұхтар Әуезов

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз.

Ілмектер: қазақ, мораль, заң, кодекс, мақал, аңыз Олжас Сүлейменов

Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.

Ілмектер: азамат, жастық, қарттық шақ, қарт Томас Фуллер

Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз.

Ілмектер: ыза, ықылас Бауыржан Момышұлы

Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.

Ілмектер: есек, жүк, құн, қымбат Саиф Сараи

Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар.

Ілмектер: ай, ой, түн Мұзафар Әлімбаев

Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.

Ілмектер: өнер, білім, оқу, балалар Жүсіп Баласағұни

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Ілмектер: тәртіп, өнер, бала Жүсіп Баласағұни

Ғашық адам белгі берер түстен де —
Ол білінер көзі көзге түскенде.

Ілмектер: ғашық, Көз, адам Жүсіп Баласағұни

Тоймайтын адам жаны көре білсе.
Сырласып сүйгенімен емін еркін,
Жүрегін сен сақта деп соған берсе.

Ілмектер: адам, жан Иса Байзақов

Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сиыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да риза болып, шыдайды. Сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді.

Ілмектер: махаббат, жүрек, адал Сәбит Мұқанов