Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Адамның мінезі жайлы білгіңіз келсе, оның өзіне пайда әкелмейтін адамдармен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз.

Ілмектер: мінез, пайда, адам, сөйлесу Иоганн Вольфганг фон Гёте

Құндылықтарыңның не екенін білгенде шешім жасау қиын емес.

Ілмектер: құндылық, шешім Рой Дисней

Балалық өтті дегенше — жігіттік жетті десеңші.

Ілмектер: балалық, жігіт, өмір Жүсіп Баласағұни

- Дүниеде не жетім?
- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім..

Ілмектер: жетім, жер, ер, жар, ел, қоныс Жиренше шешен

Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді.

Ілмектер: адам, өмір Шал Құлекеұлы

Тіршіліктің маған берген жақұты:
Шағын дарын және достар бақыты.

Ілмектер: дарын, дос Александр Пушкин

Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз.

Ілмектер: сенім, сенімсіздік Сергей Довлатов

Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Ілмектер: үлкен, кіші, ізет Бауыржан Момышұлы

Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.

Ілмектер: дауыл, жауын, жалқау Майқы би

Біз барлық жақсылықты өзіміз оңаша қалғанда жасаймыз. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені ой елегінен өткізуге мүмкіндік болады.

Ілмектер: жақсылық, оңаша Михаил Литвак

Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.

Ілмектер: аға, қонақ, көңіл Әйтеке би

Өткен өмірді қайтара алмайсың.

Ілмектер: өмір Жүсіп Баласағұни

Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? — «Балам біледі» дер.

Ілмектер: қыз, жеңге, жесір, өмір Жиренше шешен

Кәрілік — күлге аунаған кәрі бура.

Ілмектер: кәрілік, адам, өмір Шал Құлекеұлы

Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді.

Ілмектер: дүние, махаббат, сараң, қатты, қатал Ілияс Есенберлин

Білім қонбайтын үш адам болады:
Біріншісі – Тәкәппар адам,
Екіншісі – Ұялшақ адам,
Үшіншісі – Жалқау адам

Ілмектер: білім, ұялшақтық, тәкаппарлық, жалқаулық

Ең сенімді валюта - адамның еңбегі, мұны есте сақтау керек.

Ілмектер: валюта, адамның еңбегі Нұрсұлтан Назарбаев

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер.

Ілмектер: сабақ беру, өнер Жүсіпбек Аймауытов

Қателеспейтін адам болмайды.

Ілмектер: адам, қате, тұрмыстағы қателік Сергей Довлатов