Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Сіз үшін бәріне дайын адамға қиянат жасамаңыз.

Ілмектер: қиянат, адам Федор Достоевский

Бақытты іздеп табамын деп байбалам салмай-ақ қойыңыз. Өйткені бақыт деген – сіз. Тек оған жету үшін барлық қырыңызды танытуыңыз керек.

Ілмектер: бақыт Михаил Литвак

Көк шүйгінін киік білер.

Ілмектер: көк, шөп, киік, аң Қорқыт ата

Бұлт шықса - бағбан бақшасын ойлайды.

Ілмектер: бұлт, ойлау, бағбан Құтып

Ақыл, ажар ажалға не қылады?

Ілмектер: ақыл, ажар, әдемілік, ажал, өлім Шәңгерей Бөкеев

Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.

Ілмектер: көңіл, кәрілік, адам Шал Құлекеұлы

Ізденбей - білім жоқ,
Білімсіз - ізің жоқ.

Ілмектер: білім туралы мақал Б. Қынатбеков.

Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.

Ілмектер: халық, достық Мұхтар Әуезов

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Ілмектер: іс, шешім, шыдам, шыдамдылық Құтып

Шыдамдының айы оңынан туар.

Ілмектер: шыдамдылық, сабыр, сабырлық Жүсіп Баласағұни

Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.

Ілмектер: тас, тамыр, бауыр, хан Майқы би

Ұстамды бол, сабыр ет!

Ілмектер: сабыр, ұстам Жүсіп Баласағұни

Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.

Ілмектер: қорқу, сақтану Саиф Сараи

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Ілмектер: ес, адам, сөз, сөйлеу, сынау, сын Михаил Литвак

Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Хас үлектен туған кәтепті,
Қара нар керек біздің бұл іске.

Ілмектер: батырлық, ерлік Махамбет Өтемісұлы

Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.

Ілмектер: уәзір, хан, қақпан, сыр, аң Майқы би

Айдындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Ілмектер: айдын.ажал Бауыржан Момышұлы

Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.

Ілмектер: ақыл, ми Шал Құлекеұлы

Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.

Ілмектер: ой, көз Мұзафар Әлімбаев

Адам баласының бәрі де өлгелі жаралған.

Ілмектер: адам, өмір, өлім Күлтегін