Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Жамандықтың зары — екіжүзділік, жағымсыздықтың ырқына жүру.

Ілмектер: жамандық, екіжүзділік Василий Сухомлинский

Денсаулық— байлықтан қымбат.

Ілмектер: денсаулық, байлық Джон Рей

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады.

Ілмектер: адам, мінез, жастық Мұхтар Әуезов

Саясат — жоқты бар ету өнері.

Ілмектер: саясат Отто фон Бисмарк

Бұзықтың көбі мастықтан болады.

Ілмектер: мас Лев Толстой

Ең ғажап қала — ол адамның бақытты болған жері.

Ілмектер: қала, бақыт, адам Ремарк Эрих Мария

Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкентай нәрсенің үлкен нәрсеге, ергежейлілерді — алыптарға, жорамалды — шындыққа айналдырады.

Ілмектер: қызғаныш, қызғаншақ, шындық Мигель де Сервантес

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи

Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).

Ілмектер: ақша, құмарлық, жауыздық Роберт Кийосаки

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…

Ілмектер: кеңсе, тіл Сәкен Сейфуллин

Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.

Ілмектер: сұрақ, адам, әуесқой Альберт Эйнштейн

Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық.

Ілмектер: сыр, ақымақ Франсуа Вольтер

Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.

Ілмектер: амал Мұхтар Әуезов

Кедейдің еңбегі — байдың кені.

Ілмектер: кедей, бай Джон Беллерс

Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).

Ілмектер: оқу, компания Роберт Кийосаки

Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.

Ілмектер: білім, тәрбие Лев Толстой

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.

Ілмектер: дұшпан, достық Саиф Сараи

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.

Ілмектер: ел, ер Қазыбек Келдібекұлы

Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана.

Ілмектер: адам, әлем, ой, дос Оралхан Бөкей

Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек.

Ілмектер: халық, ұлы математиктер Сағатхан Әшімбаев