Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Сақтық маңызды, бірақ жайбасарлық қауіпті.

Ілмектер: сақтық, жайбасарлық, қауіп Ричард Брэнсон

Ұлы істерді ойланбастан жасау қажет. Себебі қауіп туралы ой сенің батылдығың мен жылдамдығыңды тежейді

Ілмектер: ой, іс, жылдамдық, батылдық, қауіп Юлий Цезарь

Бизнес әлемінде табыстың тек екі ғана түрі бар: ақша мен тәжірибе. Бірінші кезекте тәжірибе жинаңыз, ал ақша кейінірек келеді

Ілмектер: бизнес, табыс, тәжірибе, ақша Гарольд Дженин

Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде

Ілмектер: Жетістік, құпия, іс, бастау, ой Марк Твен

Досың сені сынауға құмар адамдар қатарында жоқ.

Ілмектер: дос, сынау, құмар, адам Антуан де Сент-Экзюпери

Жұмсақ бол, бірақ бағынышты болма, қатты бол, бірақ қатыгез болма.

Ілмектер: Жұмсақ, бағынышты, қатты, қатыгез Брюс Ли

Табысты болудың ең жақсы жолы — істейтін нәрсеңе ғашық болу.

Ілмектер: табыс, жол, ғашық, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джеки Чан

Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық.

Ілмектер: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу, жасқаншақтық, табыс, Жетістік Джеки Чан

Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.

Ілмектер: сөз, асыл сөз Базар Оңдасұлы

Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп-оңай.

Ілмектер: жоспар, дерек Дмитрий Менделеев

Еңбексіз пайда іздеген арамтамақ,
Қуат беріп наданға болады жақ.

Ілмектер: еңбек, арамтамақ Иса Байзақов

Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи

Жарамсақтар — жаудың ең жаманы.

Ілмектер: жау, жарамсақ Тацит Корнелий

Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.

Ілмектер: батырлық, ұят Жан-Жак Руссо

Батырлық, сергектік, ерлік әр жерде-ақ, әр жағдайда-ақ қажет болса да, олар өнерден туындап жатпаса да зая кетпек.

Ілмектер: батыр, ерлік, өнер Александр Суворов

Бұл қандай өмір, егер ол достарымның өмірімен төленген болса!

Ілмектер: өмір, дос Юлиус Фучик

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!

Ілмектер: ата, ұл, ұят, жау Төле би Әлібекұлы

Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.

Ілмектер: тән, жан, сұлулық, қартаю Бөкен би

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.

Ілмектер: адамгершілік, борыш, адам Міржақып Дулатұлы