Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Үмітсіз адам — зәкірсіз кеме іспеттес.

Ілмектер: үміт, адам Эрнст Тельман

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.

Ілмектер: бақ, ақыл Шал Құлекеұлы

Әлем тарихы — бұл ұлы адамдардың өмірбаяны.

Ілмектер: тарих, өмірбаян Томас Карлайл

Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт, тәрбие Константин Ушинский

Тағдырдың қиыншылықтарына кез келген адам төтеп бере алады. Адамды шын сынағың келсе, оған билік бер.

Ілмектер: билік, тағдыр, адам Авраам Линкольн

Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!

Ілмектер: қазақ Шоқан Уәлиханов

Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді.

Ілмектер: тіл, ана тілі, жүрек Нельсон Мандела

Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды.

Ілмектер: әдебиет Сағатхан Әшімбаев

Өзіне шексіз риза болу — ақымақтық.

Ілмектер: ақымақтық Ги де Мопассан

Бөліссек тоқ боламыз,
Бөлінсек жоқ боламыз.

Ілмектер: бірігу, бөліну туралы нақыл сөздер, бірлік туралы нақыл сөздер Юнус Емре

Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана.

Ілмектер: ғылым, жұмыс Василий Вильямс

Саулық тілесең — көп жеме.

Ілмектер: ас, тамақ, денсаулық Әлішер Науаи

Шөже шөжені алыстан таниды.

Ілмектер: тану Роберт Кийосаки

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ілмектер: білім, ақын, өнер, өнерпаз Ғабит Мүсірепов

Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі.

Ілмектер: әдемілік, денсаулық Леопольд Шефер

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы

Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.

Ілмектер: кітап Виктор Гюго

Қарға қанатын былғаса да ешкім байқамайды, ал аққуға дақ түссе, ешқашан кетіре алмас.

Ілмектер: дақ Уильям Шекспир

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.

Ілмектер: адам, білім Ахмет Байтұрсынұлы