Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Саулық тілесең — көп жеме.

Ілмектер: ас, тамақ, денсаулық Әлішер Науаи

Шөже шөжені алыстан таниды.

Ілмектер: тану Роберт Кийосаки

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ілмектер: білім, ақын, өнер, өнерпаз Ғабит Мүсірепов

Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі.

Ілмектер: әдемілік, денсаулық Леопольд Шефер

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы

Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.

Ілмектер: кітап Виктор Гюго

Қарға қанатын былғаса да ешкім байқамайды, ал аққуға дақ түссе, ешқашан кетіре алмас.

Ілмектер: дақ Уильям Шекспир

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.

Ілмектер: адам, білім Ахмет Байтұрсынұлы

Әркім өз қатесін тәжірибе деп атайды.

Ілмектер: тәжірибе Оскар Уайльд

Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.

Ілмектер: азамат, ер, қамшы Кенен Әзірбаев

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.

Ілмектер: ғылым, мұғалім, шәкірт Дмитрий Менделеев

Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады.

Ілмектер: халық Авраам Линкольн

Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.

Ілмектер: заман, жұрт Дулат Бабатайұлы

Ғылым үшін барлығы да маңызды.

Ілмектер: ғылым Генрих Гейне

Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру.

Ілмектер: өмір, міндет Джек Лондон

Қыран құс алар аңын жанарымен іздейді, қанатымен көздейді.

Ілмектер: қыран, көздеу Алмас Алматов

Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат.

Ілмектер: ақиқат Уильям Шекспир

Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас.
Күңге сары пәй шапан жапқанмен-бәйбіше болмас.

Ілмектер: адам Қорқыт ата

Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.

Ілмектер: бала, тәрбие Пётр Каптерев