Аңсау
Дидарың секілді гүл-көктем,
Ішіне ғажайып сыр бүккен.
Сағынам оралмас сәттерді,
Өзіңмен аяулым бірге өткен.
Берік болып рух деген аманатқа,
Бөленейік бақытқа ана жақта.
Өлім деген теңізге жұтылғасын,
Отбасың қалады жаға жақта.
Ұмытылсын жадымнан өткен қайғы,
Сөз қозғаймын бүгін мен көктем жайлы.
Көктемде бар тіршілік құлпырады,
Көкке қарай жүрегім ұмтылады.
Тілдесе де сыртымнан қай тарабым,
Сабырлықпен тек қана жай табамын.
Біреу маған жасаса жамандықты,
Жақсылықпен жауабын қайтарамын.
Ақылым көптен бері жүр қосылмай,
Айта алады қатемді кім жасырмай?
Ақыныңа бір келіншек тауып берші,
Шақуатым қойды ғой бір басылмай.
Саған арнап мен бүгін жазайын жыр,
Сені көрсем болады маңайым гүл.
Бос қалған жүрегімді жаулап ал да,
Сол жүрекке бір өзің қожайын бол.
Ғашықтық па?
Кеттім одан безіп мен,
Бұрын оның мехнатын сезіп пе ем?
Ғашықтықтан жылымапты жүрегім,
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі