Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (29) Ұлағатты сөздер (11)

Шабыт

Бір үн келіп бозінгендей боздаған,
Семіп қалған сезімімді қозғаған.
Туар жырдың хабаршысы екен ғой,
Өзегімді жарып шығар өз балам.

Толық

Жыр-әуен

Жыр жолынан саздың ұғып мұратын,
Өз болмысы мұң мен саздан тұратын.
Маңдай шашын сілкіп тастап саусақпен,
Телеарнадан жыр оқитын бір ақын.

Толық

Шабыт

Ірікпей, билей алмай сезім легін,
Келеді өлең жазып, көз ілмегім.
Боранда отырайын боп-боз болып,
Боздатып қара өлеңнің боз інгенін.

Толық

Шабыт

Тағдырдан шабыт тілеп жалынбаймын,
Мінезім бар өзімше жалындайтын.
Бермесін жиендікпен тартып алсам,
Несі бар, жақсы өлеңнің жазылмайтын.

Толық

Шашамын оңды-солды от жырымды

Қым-қуат өмір деген – күрес білем,
Тым-тырыс жүрген жанды кім естіген.
Той болсын бүгінгі күн адамзатқа,
Жырымды оңды-солды үлестірем!

Толық

Шабыт

Сүрінсеңде,жығылсаңда құламағың,
Керек емес ешкімге жылағаның.
Жөн болар сенің дағы сабырлықты,
Бір Алладан жалбарынып сұрағаның.

Толық

Шабыт

Кеудем бір жанартаудай күркіресе
Көңілімнен ыстық жаңбыр сіркіресе,
Қайнаған қара құйын бұлт боламын,
Ойымда ойнайды ұйтқып от бораным.

Толық

Келген кезде қара бұлттың шабыты

Келген кезде қара бұлттың шабыты,
Нұр жуады көк аспанның мауытын.
Құмның алып тасбақасын көргенде
Елестетем батырлардың сауытын.

Толық

Қарлы жаңбыр алағай да бұлағай

Қарлы жаңбыр алағай да бұлағай,
Сол жаңбырдан тұрған кезде құламай.
Жарқ-жұрқ еткен шалғысымен шабыттың
Жыр егінін орып алды ұлы Абай.

Толық

Жұрт менің жағдайымды білем дейді

Жұрт менің жағдайымды білем дейді.
Жырымды есептейді,
Түгендейді.
Мен болсам өртенемін,

Толық

Шабыт

Салауат деп,
Дұға оқып өткендерге,
Жасарады дүние көктемдерде.
Шабыт керек сол кезде,

Толық

Шабытпен сырласу

Келді ... аңсап күткен күні-түн,
Қуанышым, көңіл күйім, үмітім.
Сағыныштың бұлағы боп атқыла,
Көңілімдегі әлдилеген жырым тың.

Толық

Шайырдың шабытсыз шағы

Тағы да қаламыма сайтан сарып,
Бір өлең жаза алмадым сойқан салып.
Жеріген төсегінен жезөкшедей,
Келмеді бүгін тағы сайқал шабыт.

Толық

Сен – шабыт, мен - өлең

Сен – аспансың, мен – жұлдыз,
Еркелеймін құшағында.
Сен – даласың, мен – бір құс,
Көтерілем сонау шыңға.

Толық

Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры

Ел жайын біз әріден ұққан елміз
Қарадай жасқаншақтап бұқан елміз
Еске алып желтоқсанның боздақтарын,
Жеңімен көздің жасын сыққан елміз.

Толық

Шабыт

Көңілдің құлазыған сәттерінде,
Жазып қоямын өмірдің дәптеріне,
Керек жерін қаламмен түртіп алып
Керексізін сызамын көңілдің бөктеріне,

Толық

Ұшақтағы қыз(Стюардесса)

Әдемісіз,әдемілік кімде-кімге жарасқан
Өзіңізбен әдеміғой бар аспан
Жарқыраған жүзіңізді көргенде
Мендік көңіл сонау биік эвересттен әрі асқан

Толық

Шабыт көкпары

Көңілдің көк дөнені ал, кісіне,
Жараспас жабы тірлік сал кісіге.
Соқтырып жөнелейін, мінсіз бүгін,
Шабыттың белі жуан, әлдісіне.

Толық

Поэзия мекені

Шырқа, шабыт!
Шырқа, шырқа, шырқай бер!
Жетісуым! Талдықорған. Бір тайпа ел.
Шабытымның көк теңіздей тасқаны-ай!

Толық

Шабыт ғұмыр

Шабыт ғұмыр,
Кетер кейде шарықтап.
Алар кейде, шапалақпен салып қап.
Адам жанын жасытар ол құдірет,

Толық