Білесің бе?
Білесің бе өмірдің қиындығын?
Сыйын бүгін, Аллаға сыйын күнім!
Мейірімді ол-сұрасаң кешіреді,
Көп болса да, күналар жиынтығын
Білесің бе өмірдің қиындығын?
Сыйын бүгін, Аллаға сыйын күнім!
Мейірімді ол-сұрасаң кешіреді,
Көп болса да, күналар жиынтығын
Алтын балық дәметкен қармақтай
Бақытымды іздеп жүрмін бармақтай.
Адасамын, теңселемін сол жолда,
Жел ығымен жүре тұғын қаңбақтай.
Сен менің кеудемдегі тұмарымсың.
Жарық қылар жалғанды шырағымсың.
Өзгелергелерге ешқашан сәйкеспейтін,
Жүрегімнің жалғыз ғана сыңарысың.
Тұтқынына айналып сағыныштың,
Саған қарай келеді алып ұшқым.
Қол ұстасып отырсам құшағында,
Түсім екен мен тағы жаңылыстым.
Көп күрсінбе жарығым,неге "МЕН" деп?
Сұрағына жауап берем шегелеп кеп,
Барлық адам тұрады сәтсіздіктен,
Керек емес ренжіп өкпелеп тек.
Апа сені көрдім ғой бірінші рет,
Айыптысың сондықтан түрің сүмек.
Жылағанда жанымда болмап едің,
Қарсы алдыңда отырмын күлімсіреп.
Бұл әлем махаббатқа айналғандай,
Көңілім әлдекімге байланғандай.
Оны ойласам жүрегім қатты соғып,
Өз-өзімнен кетемін жай таба алмай.
Интернетпен талай жүр бағын ашып,
Көрсем болды аяймын жаным ашып.
Ұлтты бұзып барады ұялмастан,
Хайп үшін шешініп тәнің ашып.
Бұзылғандай сертіннің тас қамалы,
Жанарыңнан еріксіз жас тамады.
Өзге жанға сыйлап ен жүрегінді,
Менде енді сыйлаймын басқа адамды!
Ей жүрегім, тұрмысың сезіп мұны.
Тағдыр мені кімдерге кезіктірді?
Бағаламай отырғанда бақытымды,
Бақытсыздар жөн сілтеп кезіп тұрды.
Көздерімнен көрінгенде сәуле нұр,
Үнілуін, сыр іздеуін әуре құр.
Жанарымның жасықтығы жасырып,
Қалдырады шарасыздық қалде бір.
Мендік сезім сенікінен бөлек шығар,
Бірақ оны өшіру керек шығар.
Өзге жанға қарамай жүргеніме,
Сені қатты сүйгенім себеп шығар.
Мейлі мұң кеп тоқтамай тамшыласын,
Еңсемді езіп бәрі де жаншыласын.
Мен ешқашан бетімнен қайтпаймын ғой,
Алғанымша өмірдің қанжығасын.
Уақытым ғой жалындар жастай жанып,
Қайдағыны отырмын босқа ойланып.
Махаббаттан қашқақтап жүретіндей,
Нәзік жаным кеткен бе тасқа айналып?
Мықты болсаң қолдайды жанашырдай,
Құлап кетсең жоғалар, жаны ашымай.
Екі жүзді адамның бұл өмірде,
Бетпердемен кетеді бағы ашылмай!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі