Кеш
Көмкеріп алау нұрмен шетін кілең,
Күн ауып бара жатты екіндіден.
Көп тұрдым бақ ішінде сені күтіп,
Сүйдіріп ақ самалға бетімді мен.
Жалғандық жалқынына боялмаған,
Жайым бар тек шындықтап ой ақтаған.
Кіндігі жұмыр жердің сияқтанып,
Әрдайым көрінеді Оян маған.
Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,
Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.
Достық болып оралады өзіме,
Өздеріңе жасап жүрген достығым.
Тұрды әлем нәрестенің тыңдап әнін,
Сәбилік бесігінде "іңгәладым".
Еңбектеп, одан кейін жар жағалап,
Төсінде тәй-тәй тұрдым бұл даланың.
Бұл заманның сыр-сипаты өзгерек,
Жазатын жыр, айтылатын сөз бөлек.
Жеңіл ойлап жүрген жандар жетеді,
Түп тамырын көретұғын көз керек.
Отыз беспен қош айтысқан кезде бұл,
Көңілімді мазалайды өзге жыр.
Мені біраз жерге апарып тастадың,
Еліктіріп, желіктіріп, жезде-өмір!..
- Белгісіз
- Белгісіз
- Белгісіз
- Интернет
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі